2014 жылдың 28 ақпан күні С.Торайғыров ат. ПМУ-да профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттердің назарына Масленица мейрамына арналған музыкалық театрландырылған қойылым көрсетілді.

Масленица – славян халықтарының пұтқа табынушылық заманынан келе жатқан қысты шығарып салу мерекесі.

ПМУ Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенттері және Студенттік филармонияның жас таланттары Масленица мейрамына театрландырылған қойылымын арнады. Студенттік филармонияның әуезді әуендері мен ерекше қойылымдары салтанаттың сәнін келтіре түсті.

Аталмыш іс-шараның сценарилік жетекшісі - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Алевтина Цветкова.

Масленица апталығының әрбір күнін театрландырып көрсетуі мерекелік кешті қызықтыра, жандандыра түсті. Жиылған қауымның ықыласын бөлеп, қуаныш сыйлады.

Масленицаны тойлау қонақтардың орыс ұлттық тағамдарын, соның ішінде мерекенің нышаны саналатын алтын түстес жұқа құймақтардың дәмін татумен жалғасты.