2014 жылдың 10 ақпанында сағат 15.00-де С.Торайғыров ат. ПМУ-дың ғылыми Кеңес залында «Білім+» жобасының тұсаукесері өтті.

«Білім+» жобасының мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің діни сауаттылығын арттыру.

Жобаның ұйымдастырушысы және үйлестірушісі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы.

Жоба университеттік кеңесте С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың жетекшілігімен ұсынылды.

Серік Мәуленұлының айтуынша «Білім+» жобасы университеттің студенттік жастары арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың жалғасы болып табылады. Аталмыш жобы студенттермен жасалатын тәрбие жұмысының жаңа қадамы екені сөзсіз.

Кеңес жұмысына декандардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері қатысты.

Атаулы жоба студенттік жастардың діни сауаттылығын кешенді арттыруға бағытталып отыр. «Білім+» жобасының аясында әр факультетте ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, «Бірлігіміз жарасқан!» ұранмен жоба жоспарына сай жұмыс жасайтын болады.