С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистрлері, Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Әлия Биткеева және Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Зоя Клюшина Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде біліктілігін жетілдірді.

Әлия Биткеева және Зоя Клюшина Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде «Enhancing Learning and Teaching in Higher Education» («Жоғары білім беру жүйесіндегі оқыту сапасын жетілдіру») бағдарлама бойынша біліктілігін арттырды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ магистрлерінің біліктіліктерін арттыру «ҚР Білім беру жүйесінің Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Өрлеу» АҚ-нің бағдарламасына сәйкес өтті.

Әлия Айтжанқызының айтуы бойынша, Британдық университетте өткен оқу сабақтары қазіргі оқу құралдарының, атап айтсақ, веб-ресурстардың (Newcastle Online Teaching rEsourceS (NOTES), үлестірме материалдардың («handouts»), ұсынған материалды безендіретін интерактивтік дәрістердің қолдауымен өтті.

Сонымен қатар, Зоя Клюшина Ньюкасл университеті оқытушыларының жоғары педагогикалық мәдениеті және олардың сабақ берудегі жоғары сапасы студенттерді оқыту жүйесінің практикалық аспектеріне бағытталған. «Менің ойымша, семинарлардың тақырыптары, британдық оқытушылар берген тапсырмалар біздің кәсіптік өсуімізге үлкен септігін тигізген. Болашақта бұл жоғары мектептің дамуының басты факторларының бірі болатынына сенімдімін», – деді Зоя Владимировна.