2014 жылдың 27 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тарих және құқық факультеті Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» ұғымы мен идеясын талқылады.

Жолдауды талқылау дөңгелек үстел аясында С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңес залында өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы Тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.к. Әмірғалы Бегімтаев болды.

Әмірғалы Ильяшұлы өз сөзінде: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айқын көрініс тапты»,- деп «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басымдықтарына назар аударды.

Жолдауды талдау барысында Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Жолдау басымдықтары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына терең түсінік бере отырып, оң көзқарастарын білдірді. Құқықтану кафедрасының доценті, з.ғ.к. Болат Олжабаев: «Мәңгілік Ел» жобасы «Қазақстан жолы – 2050» Жолдауының рухани іргетасы деп мәлімдеді. Ол баяндамасы барысында: «Жолдау бірлік пен тұрақтылықтың, келісімнің, бейбітшілік пен елдің өсіп-өркендеуі негіз болатын қоғамдық құндылықтардан тұрады», - деді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Елена Бурдина өз баяндамасында: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты басымдықтарын орындау арқылы Қазақстан адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елге айналары сөзсіз, - деп қада айтты.