Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу (БСҚА) агенттігінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті институционалдық аккредиттеуден өтті және 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

Аккредиттеу мақсаты – жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының өткізетін бағалау процесі. Институционалдық аккредиттеу – ол ұйымды тұтас аккредиттеуден өткізу.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды бағалауы келесі өлшемдер бойынша жүзеге асты: ЖОО-ның миссиясы, мақсаты, міндеттері ұлттық білім беру жүйесімен, мемлекеттің, аймақтың даму саясатына сәйкестігі, миссияның білім беру ұйымын басқару жүйесіне сәйкестігі, оқу орынның стратегиялық және ағымдағы жоспарларының миссиясын, мақсатын, міндетін жобалауға оқытушылар мен студенттердің қатысуы, білім беру сапасын көтеруге бағытталған жұмыстардың нәтижелері.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың айтуынша аккредитациялық ұлттық жүйе бойынша жоғары мектептің бағалануы оқу орын үшін өте маңызды. «Сапалы білім берудің көпдеңгейлі бағалау жүйесінің трендінің бірі Болондық білім беру процесі екені сөзсіз. Аккредитациялық қызмет арқылы шетелдік тәжірибе қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылады. Бұл халықаралық білім беру кеңістігін біріктірудің маңызды кілті болып табылады», - деді Серік Мәуленұлы.