Қазақстан Республикасы ЖОО арасында жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған ауқымды «Таза сессия» акциясы өтуде. Аталмыш науқанға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті де атсалысуда.

Жемқорлықпен күресті ұйымдастырушылар: Студенттік ректорат, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің кәсіподақ ұйымы, Жастар ісі бойынша комитеті және Қазақстан студенттер альянсі.

Акцияның басты мақсаты студенттердің азаматтық белсенді позициясы мен құқықтық түсіністікті қалыптастыру, ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес Заңнамасын бұзудың зиянды зардаптарын жою.

Шара ұйымдастырушыларының айтуы бойынша акция кезінде жемқорлық фактілерімен қолға ұстау басты мақсат емес. «Таза сесияның» негізгі міндеттері студенттік жастарға іс барысында жемқорлықтың зардаптарын көрсету.

Акция барысында университет қабырғасында жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізіледі: оқу орынның барлық ғимараттарында ұсыныстар мен ескертулерге арналған жәшіктер және үгіт плакаттар ілінген. Мұнымен қоса, науқан шеңберінде студенттер мен оқытушылар арасында анкета жүргізіледі. Және жемқорлыққа қарсы мәселелерді қозғау мақсатында дөңгелек стол өтеді.