2013 жылдың 23 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттермен кездесті. Университет қолдауында ата-аналарының қамқорлығынан айырылып қалған 89 студент бар.

Шара жетім балаларды қолдау және қамқор жасау мақсатын көздейді.

Өз сөзінде Серік Мәуленұлы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттерге барынша қамқор жасауға университетте әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар мен әлеуметтік кепілдемелер іске асады. Ол оқу ақысы жеңілдіктері, жатаханада тегін орналастыру, университеттегі тегін тамақтану, қоғамдық көлікте тегін жүру сияқты жеңілдіктер туралы атап өтті.

Жыл сайын ата-аналар қамқорлығынан айырылған студенттерді қолдау мақсатында «Мейірімділік» атты акциясы өтіп тұрады. Мұнымен қоса, С.Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында толық мемлекеттің қамтамасыз етуімен білім алып жүрген студенттер де бар. Студенттердің бірінші курсында киімдер мен төсек орын, ал соңғы курсында бір мезгілдік қаржылай көмек көрсетіледі.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Мәуленұлы студенттерді ЖОО-да ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді атсалысуына шақыру тастады. Ол сөз барысында бүгінгі жиылған студенттердің барлығы сапалы білім алуға құқысы бар және қоғамда өз орнын табуына зор мүмкіндікке ие екендігін қада атап өтті.

Студенттердің өзекті мәселелері мен сауалдарын талқылауға арқау болатын осы сынды шаралар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әдеттегі жұмысы. Кездесудің соңында ата-аналарының қамқорлығынан айырылып қалған студенттерге ақшалай және тәтті сыйлықтар берілді.