С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында ақын, сазгер, әдебиеттанушы, жазушы және көптеген сценарилердің авторы Булат Окуджаваның шығармашылық кеші өтті.

Шараны ұйымдастырушы: Павлодар мемлекеттік университетінің Орыс филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ольга Попович.

Булат Окуджав 800-ге жуық өлеңнің авторы. Оның көп өлеңдері әуенмен бірге дүниеге келіп, бүгінде халық арасына 200-ге жуық әні таралып кеткен. Ақын-сазгердің әндері кинофильмдер, театр қойылымдарында және концерттік, теле және радио бағдарламаларда әлі күнге дейін орындалып келеді. Булат Окуджавтың шығармашылығы көптеген тілдерге аударылып, әлем тілдерінде жарыққа шықты.

Кеш барысында Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенттері Темірлан Төлегенов (ПД-302 тобы) және Лейла Жантемірова (ФилЛр-302 тобы) Булат Окуджавтың ел арасында ерекше танылған әндерін орындады. Оның өлеңдерін өз мәнеріне салып Дмитрий Белоградов (ФиЛр-402 тобы) пен Альбина Абдулина (ФиЛр-302 тобы) оқып шықты.

Сонымен қоса, ақын шығармашылығына тәнті көрермен назарына бард әндер авторының өмірі мен шығармашылығы турасындағы кино және бейне үзінділер көрсетілді.

Кеш соңында өнерсүйер қауым скрипка, гитара аспаптарында орындалған класикалық шығармаларға қанықты. Және де, «Грация» би тобы (ПМУ студенттері Ульянан мен Филип Валовтар) Булат Окуджаваның әуендеріне би композициясын ұсынды.