«ТЕМПУС» бағдарламасы – Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Балқан Жерорта теңізі өңірлері сияқты серіктес елдердің жоғары білім беру жүйесін модернизациялау үдерістерін қолдауға және жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік жобаларды іске асыруға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламаларының бірі.

Бағдарламаның басты мақсаты Еуропалық одақ пен олардың серіктес елдеріндегі жоғары оқу орындары жүйесінде ынтымақтастықты орнату болып табылады.

«Темпус» бағдарламасының 2013 жылдың қазанында алтыншы рет өткен байқауының нәтижесі және Еуропалық Комиссияның аудио және мәдени білім беру бойынша Орындаушылық Агентіктің шешіміне сай үздік жобаларды қаржыландыру мақсатында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 3 жобалары таңдап алынды. Олар:

1) «Адамдардың дамуы арқылы білім беру ұйымдарының дамуына әсері» – Қаржы-экономикалық факультеті;

2) «Қазақстан және Ресейдегі дәстүрлі тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі, өндіруі және маркетингтік жұмыстары бойынша магистрлік бағдарламаларды енгізу» – Агротехнологиялық факультеті;

3) «Өндірістің алдыңғы қатарлы жүйесін әзірлеу және дамыту бойынша магистрлік деңгейдегі жоғары білікті инженерлерді қалыптастыру әдіснамасы» - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың айтуынша аталмыш жобаларға қатысу Еуропа Одағы әрі серіктес елдердегі ЖОО-ның потенциалының өсуіне ықпал етеді. Әсіресе, бағдарлама жұмысы халықаралық ынтымақтастық, еңбек және қоғам бағытында модернизациялау мен ашықтыққа сеп болатыны да сөзсіз.