С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Астана қаласында өткен KAZENERGY Халықаралық Жастар Форумына қатысқан.

Ұйымдастырушылары Білім беру бағдарламасы және Жастар Комитеті болып табылатын KAZENERGY Халықаралық Жастар Форумы конструктивті келіссөздер және жастардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңінен танымал алаңға айналды, онда қатысушылар идеяларымен және тәжірибесімен өзара бөлісе алады.

Өз мақсатына жетуге деген ұмтылысы тасып тұрған, жан-жағында орын алып жатқан жаңалықтарға әрдайым ашық жастар энергетика саласының өзгеруінде аса үлкен маңызға ие және оның дамуына айтарлықтай үлес қоса алады. Сол себептен аталмыш Форум жастарға білім алуға және дамуға деген үлкен құштарлық беруде. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, түрлі елдердің жастар ұйымдарының өкілдерімен және ең ірі деген халықаралық энергетикалық компаниялардың басшыларымен кездесу, және де болашағы зор жастар жобалары туралы қызықты ақпараттар алу мүмкіндік береді.

Биыл Форумның аясында жаңа идеялар туындататын және энергетикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ойлап табылатын «Зерек» интеллектуалды ойыны, «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар Орталығы» АҚ-пен бірігіп ұйымдастырылған көрме, «Жастардың арнаулы территориясы» (Youth Lounge-zone) (YC WPC арналған бөлме) атты жоба ұйымдастырылған.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «PSU TEAM» командасын құрған «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер, атап айтсақ, Якобс Сергеевс (команда капитаны), Ботагөз Мұсайыпова, Абылайхан Қабиден, Ризагүл Ильчубаева, Қабидолла Файзуллин.

Команда жетекшісі – х.ғ.к., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасының доценті Ғайни Сейтенова.

Ойынның жалпы есебі бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы жүлделі екінші орынға ие болды.