2013 жылдың 26 шілдесінде «KC Cottrell» (Оңтүстік Корея) компаниясының вице-президенті Донг Енг Со мен қызметкерлері Қазақстандық-Корей аймақаралық және «жасыл» энергетика саласындағы экономикалық ынтымақтастықты қалыптасатын  Павлодар облысына қызметтік іс-сапардың аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми зерттемелерімен танысу мақсатымен университетке келді.

Қонақтарды қарсы алған ПМУ-дың Стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмыс жөніндегі проректоры Арман Акишев олардың назарына техникалық ЖОО негізінде ашылған ПМУ-дың тың зерттемелерімен таныстырып қана қоймай, бастамалардың  тарихына да үңіле кетті.

Қонақтар «Ертіс» тің директоры Жұмабек Омаров, ПМУ ғалымдарының қуаты 4 кВт желді-генераторлық қондырғының жобасы, жобалау бағдармалары, алюминий қалдықтарын қайта өңдеу қондырғысы шет елдік қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Арнайы іс-сапардың аясында «KC Cottrell» компаниясының қызметкерлері ПМУ-дың Ғылыми-технологиялық паркін, Технологиялық трансферт және инновациялар Аймақтық орталығын, ғылыми зертханаларын көріп шықты. Қонақтарды «Жануарлар биотехнологиясы» зертханасымен, «Өсімдік биотехнологиясы» зертханасымен, Қуат үнемдеу орталығымен таныстырды. Орталықтың ғалымдары зерттеп шығарған басты қондырғысы – суды электр тогы разрядтарының күшімен зарарсыздандыратын құралы.

Жалпы айтқанда, «KC Cottrell» компаниясының басшылығы мен қызметкерлері бұл кездесу екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестіктің одан әрі дамуына ықпал ететініне үмітті екендігін білдірді.