2013 жылдың 5 шілдесінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Астана қаласының тарихи маңызы» атты ғылыми-практикалық конференция ашылды.

 ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегіндегі: «Ел дамуының жаңа кезеңінде жаңа астана, Қазақстан ұлтын біріктіретін еліміздің, бас қаласы ғана болып қалмауы керек. Астана қарқыны қаурыт экономикалық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, болашақта бүкіл Еуразияның экономикалық мегаполистерінің біріне айналуы тиіс», – деген сөзі бар. Осы сөздер қаланың жобасы тұрмақ, әлі қаланың орны анықталмаған сәтте айтылған екен. Бұл – Ұлт Көшбасшының асыл арманы еді. Егерде ауқымды мұратты ниет ететін арман болмаса, онда ұлы жеңістер мен жетістіктердің де болмасы анық. Қазіргі таңда Қазақстанның төрінде сәулеті асқан, дәулеті артқан Астана қаласы бой түзеді. Енді Астана – Қазақстанның мақтанышы әрі жүрегі.

Конференцияны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов, конференция жұмысына қатысушыларға Астана қаласының өткені мен бүгініне ғана танып қоймай, ертеңіне де көз салуларына өз септігін тигізер деген үмітпен сәттілік, шығармашылық табыстар тіледі.

Конференцияда Астана қаласының тарихи маңызы жөніндегі Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігінің, факультет декандарының баяндамалары ұсынылған.