С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік Департаменті қаржыландырған Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылған ауқатсыз, көп балалы, мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға арналған «English Access Microscholarship Program» атты халықаралық гранттық жобаның тұрақты қатысушысы.

 АҚШ Мемлекеттік Департаменті қаржыландырған Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі бастаған «English Access Microscholarship Program» халықаралық гранттық жобаның мақсаты - екі жылдың ішінде ағылшын тілін жетік меңгеру. Бұл мүмкіндік ауқатсыз, көп балалы, мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға ұсынылады.

Аталмыш жоба Павлодар аймағында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет негізінде өтуде.

Жоба үйлестірушісі – ПМУ-дың Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ақмарал Қайырбаева.

Биыл аз қамтылған отбасынан 30 бала алынып, оларға 4 семестр, яғни 2 жыл бойы ПМУ-дың Шетел филологиясы оқытушылары 360 сағат бойы сабақ берген.

Игі дәстүр бойынша, оқу үрдісі балалар лагерінде өз жалғасын тапты. Осы жолы балалар «Черноярская жемчужина» Демалыс үйінде көңіл көтерді.

Оқу соңында жобаға қатысқан балалар АҚШ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфакс қол қойған сертификаттармен марапатталған.