«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ білімді жастарға қолдау көрсету мақсатында әзірленген «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысын тағайындау бойынша байқау жариялайды. Байқау Ережелері қосымшада.
Білімнің+жұлдызы+ЕРЕЖЕ+2025.pdf
Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 5-12 сынып оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды
Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған «XXV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз
18 сәуір 2025 жыл
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
- ЖОББМ және НИЗ, лицей және гимназияның 5-12 сынып оқушылары;
- колледж және ЖОО студенттері.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі.
Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
Инф письмо XXV Сатпаевские чтения на рус каз eng 19.02.2025.pdf
ХАБАРЛАМА: Wiley ресурстарына 2025 жылы қол жеткізу
Wiley 2025 жылға дейін жоғары оқу орындарына журналдарға қолжетімділікті (ұлттық жазылым арқылы) қамтамасыз етуді жалғастырады. Қол жеткізуге қатысты қандай да бір мәселелер немесе сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз. А1-111 (Beisembayev Library).
Wiley International Publishing House – ең ірі академиялық баспалардың бірі. 1807 жылы негізі қаланған John Wiley & Sons (толық аты-жөні) қазіргі ғылым мен білімнің барлық салаларында толық мәтінді ғылыми ресурстарды басып шығаратын әлемдегі ең көне және ең құрметті баспагерлердің бірі болып қала береді.
Баспаның барлық толық мәтінді ресурстары платформада ұсынылған Wiley Online Library: https://onlinelibrary.wiley.com/