Хабарландыру!
Оқу ақысын көтеру туралы
Құрметті студенттер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 жылғы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес ақылы негізде 1 (бір) студентке арналған ең төменгі шығындар тиісті оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 50 %-ын құрауы тиіс және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың 3.1-тармағына сәйкес университет басшылығы келесі оқу жылында оқу ақысының көтерілетіні туралы хабарлайды.
2025 жылдың 01 қыргүйегінен бастап барлық студенттердің (бакалавриат, магистратура, докторантура) оқу ақысы көтеріледі. Оқу ақысы студенттердің жеке кабинеттерінде көрсетіледі.
Қосымша келісімге қол қою және жаңа оқу ақысын білу үшін факультетіңіздің деканатына хабарласыңыз.
Қосымша келісімге қол қою үшін деканатқа келуіңізді сұраймыз.
«Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ білімді жастарға қолдау көрсету мақсатында әзірленген «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысын тағайындау бойынша байқау жариялайды. Байқау Ережелері қосымшада.
Білімнің+жұлдызы+ЕРЕЖЕ+2025.pdf
Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 5-12 сынып оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды
Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған «XXV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз
18 сәуір 2025 жыл
Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.
Өткізу форматы: офлайн.
Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
- ЖОББМ және НИЗ, лицей және гимназияның 5-12 сынып оқушылары;
- колледж және ЖОО студенттері.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі.
Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.
Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.
Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады.
Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Толығырақ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында.
Инф письмо XXV Сатпаевские чтения на рус каз eng 19.02.2025.pdf