Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті екі жатақханадан тұрады. «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер 100% жатақханамен қамтылған. Студенттер бір бөлмеде екі немесе үш адамнан тұрады. Студенттердің жатақханада тұру жағдайларын жақсарту мақсатында университет қаржысы есебінен қосымша интернет байланысын күшейту қамтамасыз етілген, және жатақханалар кір жуатын машиналары бар кір жуу бөлмесі және үтіктеу бөлмелерімен, қыздарға және ұлдарға арналған душтармен, ас бөлмелерімен жабдықталған. Салауатты өмір салтын жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін N 1 жатақханада тренажер залы жұмыс істейді. Екі жатақханада да кіші теннис үшін бөлме бөлінген. Ішкі тәртіп ережелерін сақтау, санитарлық-гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында комендант, вахтер-қарауылдар және техникалық персоналдар жұмыс істейді. Жатақхананың студенттік өзін-өзі басқаруы және олардың орынбасарлары тағайындалды. Жатақханадағы тәрбиелік жұмыстар жоспары бекітіліп, атқарылуда. Тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаменті күн сайын сағат 18.00-19.30 дейін жатақхананы аралап тексеріп шығады. Айына 2-3 рет проректор мен декан орынбасарларының қатысуымен кездесулер, жиналыстар өткізіліп тұрады.