Аудитория имени Шаханов Еламан Шаханұлы А1 – 207

Еламан Шаханов 1944 жылы Қарағанды облысында туған. ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі.

1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 19671971 жылдары осы институтта аспирант, оқытушы. 19711993 жылдары Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары.

19932001 жылдары Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор. 20012003 жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор қызметтерін атқарған. 2003 жылдан Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде.

Негізгі ғылыми еңбектері шөл және шөлейт аймақтарда сирек кездесетін жемшөптік дақылдардың полиподиясы мен алшақ будандастыру мәселелеріне арналған. Ол дәнді және жемшөптік дақылдардың 14 жаңа сортын шығарған, олардың ішінде бидайдың Ертіс-97, жүгерінің Цунами-80 сорттары, еркекшөптің, эспарцеттің, бетегенің, түйежоңышқаның сорттары бар.

Шаханов 110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, медальдармен марапатталған.