Құрметті талапкер!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның оңтүстік облыстарының талапкерлеріне техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша өз есігін айқара ашады (мамандықтар тізбесі).

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) – Қазақстанның ірі университеттерінің бірі. ПМУ Павлодар облысы бойынша ғана емес, Қазақстан бойынша да білімнің, ғылым және мәдениеттің ошағы (орталығы) болып табылады. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті дүниежүзілік білім кеңістігіне бірігу үдерісінде халықаралық деңгейде танылды, Еуропа білім беру процесінің толық құқықты мүшесі. Бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Оксфорд Саммиті аясында С. Торайғыров атындағы ПМУ «Еуропа сапасы» халықаралық марапатына ие болды.

Жыл сайынғы басты рейтинг бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ Қазақстандағы үздік деп танылған көпбейінді ЖОО арасында топбасшылар бестігіне енді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – дүниежүзі классикалық университеттері Болон хартиясының толық мүшесі, LAESTE студенттік тағылымдамалармен алмасу бойынша халықаралық ассоциацияның мүшесі, Сібір ашық университеті ассоциациясының мүшесі, Қазақстан ЖОО және Шыңжаң ынтымақтастық ұйымы ассоциациясының мүшесі. Бұл – бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бойынша мамандарды үш деңгейлі дайындауды жүзеге асыратын өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алуға шешім қабылдасаңыз, «Серпін-2050» бағдарламасына қатысу үшін білім гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды тапсыру кезінде сіз 038 ЖОО кодын көрсетуіңіз керек. Барлық сұрақтар бойынша бізге келесі телефон нөмірлері 8(7182)673-773, 6773-774, 87073673773 және psu.kz сайты, abiturient.psu.kz талапкердің жеке кабинеті бойынша хабарласа аласыз.