Шығармашылық – мәңгі. Себебі ол – адамдар мен олардың құрметіне бола құрбандық бола беретіні хақ. Иманжүсіп Құтпанұлының шынайы шығармашылығы – ақынның адамдарға деген сүйіспеншілігі мен олардың азаттық пен тәуелсіздікке деген құлшыныстарына жетелеуінен туындады. Сол себепті де көп жылғы үнсіздік пен тыйымға қарамастан Иманжүсіптің шығармашылығы бізбен бірге. Иманжүсіптің есімі ортамызға қайта оралды, 2013 жылы қазақтың біртуар баласының туғанына 150 жылдық мерейтойы аталып өту көзделуде.

Ата мұрасын мирас еткен

«Иманжүсіп Қазақстанның тәуелсіздігі үшін өз азаттығын тіккен жан», – дейді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ? әрі белгілі ақынның немересі атасының қилы тағдыры туралы білген Раушан Көшенова. Азаттық пен ұлы азаматтықты шынайы бағалаған Иманжүсіптің өмірбаянын ақтара отырып, бұл қадір-қасиет пен ел тәуелсіздігіне өз өмірлерін сарп етер өжеттілік аталарынан дарығанын байқауға болады.

Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай Түркістан ханының өкілі, «датқа» атағының иегері (хан әскерінің генералдық шеніне тең) болған. Ол өз басын қатерге тігіп, шайқастардың бірінде мерт болды. Тұрғанбай қайтыс болғаннан кейін, екі баласымен қалған жесірі далада қапаста күн кешеді. Тоғыз айлық Құтпанды (азан шақырып берілген есімі Баймырза) құмда тастап кеткен жерінен белгілі Дайырбай батыр тауып алады. Құтпан ержетіп, Кенесары Қасымовтың жасағына қосылады. Онда да ол өзінің ержүректігімен көзге түседі. Кенесары ханның өлімінен кейін Құтпан Ертістің бойында таса болуына мәжбүр еді....

Халық қорғаушысы

Ертістің жағалауынан, Павлодар облысы, Ермак (бүгінгі Ақсу) ауданында жерлесіміз, ақын, сазгер, әнші Иманжүсіп Құтпанұлы дүниеге келген. Оның бүлдіршіндік кезі Ақмола облысы, Жібек жолы ауылында өтіп, сонда жарты ғасырлық ғұмыр сүреді. Осы ауылдағы отбасылық зиратта Иманжүсіптің ата-аналары, үлкен ағалары, әпкесі мен басқа да туыстары жерленген.
Атасынан жеткен азаттықты аңсаған ерікті рухы бала кезінен Иманжүсіпті әділдікке жанын жақындата түсті, халықтың адал қамқоршысы болуға жетеледі. Иманжүсіптің әрдайым алғашқы болуға деген құлшынысы кеңдігі мен дарқандығынан туса керек. Оның бұл қасиеттері туралы өмірбаянынан да аңғаруға болады. Атасы жайында Р.Көшенова былайша еске алады: «Жиырмасыншы жылдардың аяғында жұттың болғаны баршамызға аян. Атамды ашығып жатқан халыққа көмектесу мақсатында делегация басшылығы ретінде Ақмола қаласына жібереді. Ол мұнда бай-қуатты азаматтармен кездесіп, ауылдастарының жайынан хабар беріп, ауылын нанмен қамтамасыз еткен жайы бар. Ауылына жеткенше жол-жөнекей ашығып жатқан жұртқа нанымен бөлісіп келеді.....»
Иманжүсіп қазақ халқына жұт төнген қасіретті заманның өкілі болды. Басыңа бәле тілеп алмауың үшін қаһарына мінген билікке ашына дауыс көтере алмайтын заман еді. Алайда ақынды еске алған замандастары жүрегінде әділдікті ту еткен Иманжүсіп қысым көрген қазақтардың құқығын қорғауға барын да жанын да салған жан. Қолында билігі барлардың алдында жағымпаздануды білмеген, ойындағысын айтып болыстар, ауылнайлар мен биліктегілермен қайшылықтарға тап болған кездері де көп. Иманжүсіптің бір беткейлігі мен шыншылдығын ұнатпағандар оған қарсы әрекеттер жасай бастады. Жалған жала жауып Иманжүсіпті абақтыға қаматады. Мынандай мысал келтірсек, 1895 жылы Иманжүсіп болыстық билікке сайлауға қатысады. Ақынның жеңіп шығуына себеп көп еді. Өйткені, ол халқының сүйіспеншілігіне бөленген еді. Алайда, Иманжүсіптің жасы толмаған деген желеумен кандидатурасын (сайлауға 35 жастан жоғары азаматтар қатыса алады) алып тастайды. Ал, сайлауда жеңіске жеткен үміткер қарсыласы оған қарсы неше түрлі жалған айыптар тағып, бірнеше мәрте жоғарғы жаққа домалақ арыз жеткізіп отырған. Бұнысы бекер емсе еді, себебі жаңа сайланған болыс Иманжүсіптен өз бәсекелесін байқады. Ақыр соңында болыс өз дегеніне төрт жылдан кейін жетті. 1899 жылы этаппен Иманжүсіп Құтпанұлын Семей облысы аумағына жөнелтеді. Кеңес үкметін Иманжүсіп қазақ халқына деген бостандық пен тәуелсіздік, ұлт теңдігін сыйлап береді деген үмітпен қарсы алды. Бірақ, оның Жамбыл облысында тұрғанында болған кеңес өкіметінің мүлік тәркілеу кезіндегі бай манаптармен қоса қара халықтың да азап шеккеннін көргенде үміті су сепкендей басылды. Кеңес өкіметінде орын алған әділетсіз реформаға қарсы шығуға халықты бастаған алғашқылардың бірі болды Иманжүсіп. Мойынқұм өңірінде болған бүлікке екі мыңнан астам адам қатысады. Алайда көтеріліс кеңес өкіметі тарапынан тоқтатылып, басылды. Иманжүсіп қайтадан абақты торына тоғытылды.
1930 жылғы тұтқындалу Иманжүсіп үшін қатерге толы болды. Бұл жолы оған қайта бостаңдық бұйырмады. 1931 жылдың көктемінде қазақтың көрнекті ақыны, палуаны, елінің қамқоршысы Иманжүсіп Құтпанұлы Әулиеата жерінде атылды.

Азаттықтың жаршысы

Ол әрқашанда қазақтың қарапайым шаруалырының бостаңыдығы мен елінің гүлденуі туралы ән шырқаған. Ақын «... мен халық үшін ән салып өлең жазамын» дейтін. Сол себептен де ол халық арасына кең таралған «Ерейментау», «Сары-Арқа», «Сарымойын», «Бұғылы - Тағылы» және т.б әндерін дүниеге әкелді.
Иманжүсіптің жастайынан поэзия мен халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығы басым болды. Ол Біржан сал, Ақан сері, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырайдың шығармаларымен өте жақсы таныс болып, Жарылғапберді, Естай, Жаяу Мұса сияқты ақындармен етене жақын қарым қатынаста болған. Жаяу Мұса Иманжүсіптің суырып салма ақын болуына көп септігін тигізді. Иманжүсіп дәстүрлі халық ақындарының ізімен жүрді. Ол өз әндерінде өрелі азаматтығымен билеушілдердің халықты қанаушыларға айналғанын әшкерелеп отырған. Иманжүсіп шығармашылығы мен өмірі ажырамастай астасып жатты. Ол өз әндерінде қалай айтса, солай өмір сүре білді. Оның жеке шығармаларынан табиғатпен етене жақындығымен қатар туан жеріне деген жылылық сезіліп тұрады. Оның жеке басынан кешкендерінің бәрі де өзіне ет жақындарымен байланысты. Міне осы себепті де Иманжүсіптің өлеңдерінің әйгілі болуына оның адал қасиеттері түрткі болды. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Иманжүсіп - заманындағы нағыз романтикалық және жүрек жұтқан батыл да заңғар тұлға. Ол тамаша суретші, шығармашыл, композитор және ұлы музыкант болып жаратылған ерекше жан. Оның қайталанбас ерлігі мен өрлігі әлі күнге халықтың жүрегінде. Өзінің өрлігі мен барлық зұлымдық атаулыға жаны қас, әсіресе қоғамдағы теңсіздікке қарсы тұра білуі әлі де көптеген ұрпақтардың санасына шегедей қағылып, талай жас буынды дұрыс өмірге жетелейтіні даусыз», - деп жазады.

Шығармашылық мұраның қайта оралуы

Жарты ғасыр бойы Иманжүсіптің аты аталмады, тек қалғаны оның шығармашылық мұрасының жартысы ғана. «Сарымойын», «Әкем Құтпан», «Сарыбел», «Бұғылы – Тағылы», «Ерейментау», «Сейфіл – Мәлік». А.В.Затейвчтің «Мың қазақ әндері» деген танымал жинағына Иманжүсіптің әні деген атаумен тағы төрт әні кіреді. Александр Затаевичтің еңбегі Иманжүсіптің әндеріне қайта өмір сыйлайды. Халық музыкасын әлем деңгейіне дейін көтеруді мақсат еткен зерттеуші Иманжүсіп Құтпанұлы жайында замандастарының «Палуан батыр» деген атағын жария етуіне себепкер болады.
Ақынның немересінің айтуынша, Иманжүсіптің шығармашылық мұрасын қайта халқымен қауышқанына С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Қ.Сатпаев, А.Жұбанов, Е.Рахмадиев сынды белгілі ғылым мен өнер қайраткерлерінің көп үлесі тиді. «Иманжүсіп туралы естелік үшін біз осы жандарға қарыздармыз», - дейді Раушан Көшенова. Иманжүсіп Құтпанұлының шығармашылығы мен тағдыры біздің ортамызда. 2000 жылы Астана қаласында Иманжүсіп шығармашылығын еске алу кеші өтті. 2001 жылы Алматы қаласындағы ұлттық ғылыми академиясында Иманжүсіп және оның өмірі атты ғылыми- практикалық конференция болып жұмысын жасады. 2012 жылдың шілде айында Иманжүсіптің туылғанына 150 жыл толуы атап өтілді.
Астана қаласында көше, Қызылорда обылысының аудан орталығының атауы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шілік аулында, Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы, Александровка ауылының мектебіне, Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы Спорт сарайына аты берілді.

Иманжүсіптің үрім бұтағы оның айбынды жетістіктерін жалғасын үзбесі хақ. Раушан Көшенова ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге өмірін арнауда. Ғалым атасының шығармашылық мұрасына арнаған 200-ден аса мақалалар, 30 жуық кітап, Иманжүсіптің мәдени тарихи портреті тақырыбында докторлық диссертация қорғады, республикалық радиода 500-ге тарта, 200 телефльмдер мен теле бағдарламалар жасалды.

Түйін. Қолтаңбалар жанбайды. Асылында өнер өлмейді, ол - мәңгілік. Сонымен қатар, шынайы өнер шынайы өмірді бейнелейді. Әділдік үшін күрескер, қазақ халқының біртуар баласының өзегін өртеген өкініші орындалды. Бүгінде Иманжүсіптің ұрпағы ол көре алмаған, аңсап кеткен Тәуелсіз мемлекеттің ұландары.

Жанар ЕЛЕШОВА

«Білік» №2 (151), 2013 жыл, 27 ақпан.