Қызықты дерек

Кітап оқу акциялары әуелде АҚШ-та өте танымал болған. «Бір кітап – бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса…» деген жобаларға негізделген. Мұндағы басты принцип – бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында оқып, талқылау. Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасы көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). Кезінде «Жүз жылдық жалғызды?» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап Испанияда оқу марафоны ұйымдастырылған. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыған. Осы марафонды Испания үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега өзі келіп салтанатпен ашқан. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды жеті бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан ғана уақыт бөлінген. 2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға, негізінен, балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты. Ал ағылшындар 2006 жылы Жюль Верннің«Вокруг света за 80 дней» атты кітабын ел болып оқыды. Қазақстандық оқырмандар болса – 2007 жылы еліміздің кітапсүйер қауымы Абайдың «Қара сөздерін», 2008 жылы М.Әуезовтің «Қилы заман» кітабын оқып, талқылады.