Дата создания: 11.12.2014
Салеметсіз бе, құрметті Серік Мәуленұлы! Біз студенттер үйінде бірнеше жыл тұрып жатырмыз. Осы уақыт аралығында студенттер үйінің қызметкері Ольга Николаевнаның қызметіне көңіліміз толмайды. Өйткені ол кісі жағымсыз мінезін көрсетіп,жеке басымызға тіл тигізіп, намысымызға тиетін сөздер айтады.Өз кезегінде студенттерге киім жууға рұқсат етпейді, себепсіз оқыс мінездерін көрсетеді. Студенттер үйінің директорына бірнеше рет шағымдандық, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.Сондықтан сізден бір шара қолдануыңызды сұраймыз!
Дата ответа: 23.12.2014
Құрметті Аноним! Студенттер үйіндегі кір жуу орны тек студенттердің төсек-орындарын жууға арналған және де студенттердің жеке киімдерін жууға жабдықталмаған. Сонымен қатар, бұл университет ішкі тәртібіне қарама-қайшы келеді. Ал кезекші вахтер Ольга Николаевнамен қосымша тәртіптік жұмыстар жүргізілді, ол ескертілді.