Дата создания: 05.01.2016
саламатсызба. Менің сұрайын дегенім Пмудан Енуге грант бойынша ауысуға болама? Мен қазір 2 курста оқимын. 3 курсты Астанадан жалғастырып оқуға болама? Акимский грантпен Астанаға ауысуға болама курсты битирегн соң?
Дата ответа: 19.01.2016
Сәлеметсіз бе, Ляззат! Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта алу Ережелеріне сәйкес мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алушы басқа жоғары оқу орнына көшірілгенде білім беру гранты лайықты мамандық бойынша сақталады, сонымен қатар ол меңгеру бағдарламаның бірінші академиялық мерзімін толығымен бітіруі тиіс. Әкім гранты негізінде оқысаңыз, қаржыландыру сұрағы бойынша мәселені әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімінен білуге болады. Толық ақпарат алу үшін деканатқа хабарласыңыз.