Анонстар мен іс-шаралар

Құрметті 3-5 курс студенттері! Сіз Президенттік стипендияны тағайындау үшін құжаттарды 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін деканатқа тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.

Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де оқудың барлық кезеңінде "өте жақсы" (А, А-) бағасы бар 3-курстан бастап күндізгі оқу нысанының студенттеріне тағайындалады.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары болып табылатын жеңімпаздарға;

2) ғылыми еңбектер жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;

3) жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;

4) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

 

ҚР Президенті бекіткен Стипендиялар конкурсына қатысу үшін ұсынылатын құжаттар Тізбесі

1. Өтініш

2. Әлеуметтік жағдайы көрсетілген факультет Кеңесінің ұсынысы (студентке мінездеме);

3. Транскрипт (оқудың барлық кезеңінде);

4. Жарияланымдар тізімі (авторлық куәліктер, баяндама тезистері, ғылыми және әдістемелік еңбектер) (бар болса);

5. Дипломдар, олимпиадалар, жарыстар, түрлі жарыстар және т. б. грамоталарының көшірмелері (бар болса);

6. Жеке куәлік көшірмесі

Ескертпе: дипломдар мен сертификаттарды қоспағанда, барлық құжаттар түпнұсқада беріледі.

Толығырақ
2025-12-30 00:00:00

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 «ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ

Құрметті ұжымдастар, экономика мамандықтарының студенттері!

«Экономика» кафедрасы

«Болашақ экономика: ESG, декарбонизация, технология және инвестиция» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша

халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде хабарлайды

 

Сайысқа қатысуға жетекші бейіндік кафедраның аға оқытушысының, доцентінің, профессорының басшылығымен 2 ден 3 адамға дейінгі команда құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын дайындайтын 3-ші және 4-ші курстардың экономика мамандықтары бойынша білім алатын қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Кандидатураларды жылжыту құқығы жоо-мен өз бетінше анықталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

«Болашақ экономика: ESG, декарбонизация, технология және инвестиция» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде секцияларға бөлінеді:

1-секция  «ESG-құзыреті бар кадрларды даярлау және қайта даярлау арқылы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру»

2-секция «Экономикалық салалардың болашағы: экология, инвестиция және технология»

3-секция  «Декарбонизация және жасыл экономиканы құру аясында менеджмент пен маркетингті жетілдіру»

Сайыс екі кезеңде сырттай өткізілетін болады:

- бірінші кезең – ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеу, дайындау, таңдалған секция шеңберінде;

- екінші кезең – сайыстық құжаттаманы ұйымдастыру комитетіне ұсыну, сайыстық комиссияның жұмысы (мерзімдер:  2026 ж. 18 ақпанға дейін).

Сайыстың нәтижелері бойынша келесі бағыттар бойынша қорытындылар жасалатын болады:

- «1-орын» – бір команда;

- «2- орын» – екі команда;

- «3- орын» – үш команда.

Жеңімпаздар мен номинациялардың иегерлері дипломдармен марапатталады.

Ғылыми сайысты өткізу туралы ереже қоса тіркеледі.

Бұл байқау AP26100705 «ESG-құзыреті бар кадрларды даярлау және қайта даярлау арқылы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру» мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберінде өткізіледі.

Сайыстық құжаттама мына мекенжайға жолданады:

140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көш., 64, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Экономика» кафедрасы, 419-кабинет немесе E-mail:konkurs_nauka_psu@mail.ru

Байланыс телефондары:

Каримбергенова  М. К.  Тел. +7-778-6254335


Положение о НКСР на рус 2026.docx
Положение о НС на каз.docx
Толығырақ
2025-12-25 00:00:00

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» сәйкес оқу процесінде босатылған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жарияланады.

Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 05 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында Студенттердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде білім алушылар мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:

- Басқарма Төрағасы-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- транскриптке өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі.

Босаған гранттар тізімі университет порталында, «студенттерге»-«босаған гранттар» бөлімінде орналастырылған (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974).

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін – А, А- («өте жақсы») - В+, В, В -, С+ бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады («жақсы»), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының тобы, оқу курсы, оқу базасы (мектеп/колледж базасында) контекстінде қарастырылады.

Білім беру бағдарламалары тобына үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранттары оқу саласы бойынша және одан әрі білім беру саласы бойынша қайта бөлінеді.

Оқу барысында босатылған бос гранттарды беру туралы шешімді Университеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдайды.

Толығырақ
2025-12-24 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone