1.Сұрақ: 2009 жылы ҰБТ-ы былтырғы 2008 жылдағыдай өтеді ме, әлде өзгерістер болады ма? Жауап: 2009 жылы ҰБТ-ы былтырғы 2008 жылғы форматта, 1-10 маусымда өтеді. Мектеп бітірушілерге жауап беру үшін 30 минут қосылды, енді жауап беру үшін таза 210 минут уақыт беріледі (3 сағат 30 минут). Апелляциялық комиссияға өтініштер беру тәртібі де өзгерді: мектеп бітірушілер апелляциялық комиссияға тестілеу қорытындылары шыққаннан кейін өтініштер бере алады. Өтініштер келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады. |
2. Сұрақ: Мектеп бітірушілердің барлығы ҰБТ-ы тапсыруға міндетті ме? Жауап: Мектеп бітірушілер ҰБТ-ны ерікті түрде тапсырады. Мектепте дәстүрлі емтиханда тапсыра алады. ҰБТ-ны тапсыру «Алтын белгі» белгісіне, ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер және ағымдағы жылы жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуге ниет білдірушілер үшін міндетті. |
3. Сұрақ: Өзіммен бірге ҰБТ-ға калькулятор, Менделеевтің кестесі және формулаларды алып кіруге бола ма? Жауап: Сіз өзіңізбен бірге тек Менделеевтің және тұздардың ерігіштік кестелерін алып кіре аласыз. |
4. Сұрақ: Тестілену кезінде мектеп бітірушіге аудиториядан неше рет шығуға болады? Жауап: Бір рет. |
5. Сұрақ: Егер де мен ҰБТ-ы кезінде ауырып қалсам, кейін тапсыруға бола ма? Жауап: Сіз Мемлекеттік комиссияға ауырып қалғандығыңыз туралы арнайы медициналық мекеменің анықтамасын тапсырасыз. Комиссия әр жағдайды жеке қарастырып, шешім қабылдайды. |
6. Сұрақ: Мен байқамай рұқсат қағазымды үйге тастап кетсем ҰБТ-ға қатыса аламын ба? Жауап: Мектеп бітірушіні сәйкестендіру жеке тұлғаны куәландыратын төлқұжаты, рұқсат қағазы және рұқсат қағаздың түбіртегі арқылы өткізіледі. Сондықтан мектеп бітіруші ҰБТ-ға төлқұжаты және рұқсат қағазымен келуі міндетті. Бүгінгі күнге дейін ондай жағдай болған емес. |
7. Сұрақ: ҰБТ-ны қайта тапсыруға болады ма? Жауап: Мектеп бітірушілер ҰБТ-ны тек бір рет қана тапсырады. ҰБТ-ны қайта тапсыруға болмайды. |
8. Сұрақ: ҰБТ-ы кезінде бағдарламадан тыс тапсырмалар болуы мүмкін бе? Жауап: ҰБТ-ы жалпы білім беретін мектеп бағдарламаларының шеңберінен шықпайтын тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі. |
9. Сұрақ: Егер мен байқаусызда жауап парағындағы басқа дөңгелекшені бояп қойсам, бірақ сұрақтар кітапшасында дұрыс жауапты белгілесем не болады? Жауап: ҰБТ-ы кезінде жауап парағы негізгі құжат болып табылады, ондағы белгіленген жауаптар сканер арқылы оқылады да Сіздің жауабыңыз жауап парағы бойынша ғана есептеледі. Сондықтан сұрақ кітапшасынан жауап парағына дұрыс жауаптарды көшірген кезде өте мұқият болу керек. Сұрақ кітапшсындағы белгілеріңіз есепке алынбайды. |
10. Сұрақ: Егер де мен тестілеуге кешігіп қалсам? Жауап: Кешіккен мектеп бітірушілерді ҰБТ-ға жіберу жөніндегі шешім отырысқа қатысып отырған Мемлекеттік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысы арқылы қабылданады. |
11. Сұрақ: ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түсем деген мектеп бітірушілерге ҰБТ-ы тапсыру міндетті ме? Жауап: ҰБТ немесе дәстүрлі емтихан тапсыру жөніндегі шешімді мектеп бітіруші өз еркімен қабылдайды. ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіргендер мектеп қабырғасында дәстүрлі емтихан тапсыруына болады. |
12. Сұрақ: Апелляциялық комиссия қандай мәселелерді шешеді? Жауап: Апелляциялық комиссия тапсырманың мазмұнына және техникалық себептерге байланысты сұрақтарды қарайды. |
13. Сұрақ: Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі және орыс тілде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәндерінің ҰБТ-дағы қорытындысы жоғарғы оқу орындарына түсу нәтижесіне әсер етеді ме? Жауап: Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәндерінен ҰБТ-да жинаған балдары бағаға ауыстырылып орта білімі туралы аттестатқа кіреді және ол баға аттестаттың орташа балына әсер етеді. Аттестаттың орташа балы ағымдағы жылғы ҰБТ-да және келешекте талапкерлердің кешенді тестіленуінде балдары тең болған жағдайда конкурс кезінде шешуші рөлге ие болады. |
14. Сұрақ: 2009 жылы ҰБТ-дағы тест тапсырмалары профильдік оқытуға сәйкес келе ме? Жауап: Тест тапсырмалары жалпыға міндетті мемлекеттік орта білім стандартына сәйкес барлық мектеп бітірушілер білуі қажет білім мазмұнына сай құрастырылған. Яғни бұл материалды профильге қарамастан барлық мектеп бітіруші түлектер білуі тиіс. |
15. Сұрақ: Аудиторияға ұялы телефон мен калькуляторды алып кіруге болады ма? Жауап: Жоқ. Оған қатаң түрде тыйым салынады. |
16. Сұрақ: Жауап парағындағы дөңгелекшелерді бояу үшін қандай қаламсаптарды қолданған дұрыс? Жауап: Қара немесе көкшіл-қара пасталары бар қаламсаптарды пайдалануға болады. Басқа түсті пастасы бар және гельді қаламсаптарды пайдалануға болмайды. |
17. Сұрақ: Дөңгелекшелерді карындашпен бояуға бола ма?
|
18. Сұрақ: Мен қашан жоғары оқу орнында оқығым келетін өзімнің мамандығымды көрсете аламын? Жауап: Наурыз-сәуір айларында өтініш бергенде оқушы тек қана өзінің ҰБТ-ға қатысқысы келетіндігін және болашақ мамандығына сай таңдау пәнін хабарлайды. Осыған байланысты ол даярлық бағытын анықтайды. Шілдеде талапкер жоғары оқу орнына келген кезде, ол таңдаған даярлық бағытының щеңберінде нақты мамандықты көрсетіп өтініш жазады. |
19. Сұрақ: Мен ҰБТ-ны тапсырмай ақылы негізде ЖОО-ға түсе аламын ба? Жауап: Жоқ. Жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ-ы сертификатындағы балдар негізінде ғана жүзеге асырылады. |
20. Сұрақ: Мен, ҰБТ-да тандаған төртінші пән мен тандаған мамандыққа сәйкес келемейтіндей ақылы негіздегі ЖОО-ға түсе аламын ба? Жауап: Жоқ, түсе алмайсыз. |
21. Сұрақ: Егер мен байқаусызда жауап парағын бүлдіріп алсам не істеуім керек? Оны маған айырбастап береді ме? Жауап: Жоқ, айырбастап бермейді. Жауап парағы бір-ақ рет беріледі. Оған мұқият болу керек. |
22. Сұрақ: Егер маған басқа нұсқадағы сұрақ кітапшасы келгенін байқап қалсам не істеуім керек? Жауап: Тестілеу кезінде Сіз нұсқаңызды білмейсіз, ол тестілеу соңына қарай хабарланады. Сіз қай нұсқаға жауап берсеңіз сол нұсқа бойынша Сіздің тестілеу нәтижелеріңіз шығарылады. |
23. Сұрақ: 2009 жылы сертификаттағы балдар мектептің бағаларына қалай ауысатын болады? Жауап: 2008 жылдағыдай, сертификаттағы балдар шкаласын бағаға ауыстыру өзгертілмейді.Мысалы, 0-2 балл - «2», 3-11 балл - «3», 12-19 балл - «4», 20-25 балл - «5» бағасына сәйкес. |
24. Сұрақ: 2009 жылы жоғары оұу орындарында өткізілетін тестілеудің 2-ші кезеңі болады ма? Жауап: Жоқ. Тестілеудің 2-ші кезеңі болмайды. 2008 жылдағыдай, 1-10 маусымда ҰБТ-ны ағымдағы жылдың мектеп бітірушілері тапсырады. Шілдеде өтетін кешенді тестіленуге бұрынғы жылдағы мектеп бітірген талапкерлер қатысады. |
25. Сұрақ: Мен ұйғыр мектебінде оқимын. ҰБТ-ға қатыса аламын ба? Жауап: Иә, Сіздің қалауыңыз бойынша ҰБТ-ны қазақ немесе орыс тілінде тапсыра аласыз. |
26. Сұрақ: Мен Қазақстан Республикасының азаматы емеспін, бірақ Қазақстан мектебінде оқимын. ҰБТ-ға қатыса алам ба? Жауап: Иә,Сіз ҰБТ-ы тапсыра аласыз. |
27. Сұрақ: Мен 11-сынып базасында ҰБТ-ны тапсырмай бірден колледжге оқуға түсе алам ба?
|
28. Сұрақ: Мен 2008 жылғы мектеп бітірушімін. Маған қалай колледжге түсуге болады? Маған сертификат қажет пе? Жауап: Бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер колледжге түсу үшін емтиханды тікелей колледжде тапсырады. |
29. Сұрақ: 2009 жылы қандай шекті деңгей белгіленеді? Жауап: Шекті деңгей өзгертілген жоқ, яғни 45 балл. Бейінді пән бойынша 7 балдан, ал басқа пәндер бойынша 3 балдан кем болмауы керек. |
30. Сұрақ: ҰБТ-ның қорытындысы көрсетілген сертификат қай уақытқа дейін жарамды? Жауап: Сертификат ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. |