Төрағасы: Сарыбай Ақбота Маратқызы - ММет 12п, металлургия, машинажасау және көлік факультетінің магистранты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. 2014 жылдан 2016 жылға дейін төрт рет «Президенттік степендия» иегері атанған. Қазақстан Республикасының президенттікке үміткер Н.Ә.Назарбаевтың облыстық штаб деңгейіндегі сенімді адамы (2015 жыл); «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшесі (2015 жылдан бастап); «Нұр Отан» партиясының облыстық штаб деңгейіндегі сенімді адамы (2016ж); «Жастар отанға» атты Жас Отанның ІІІ съезінің қатысушысы; ПМУ-дың ғылыми кеңесінің мүшесі; С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың алғашқы іздестіру отряды «Панфиловшылар» отрядының белсенді қатысушысы (Мәскеу, Волоколамск ауданы, Дубосекова разъезді, сәуір-мамыр 2016 жыл); «Жастар дауысы» атты жас көшбасшылар мектебінің түлегі. Бес рет ректордың алғыс хатымен; жастар саясатын басқару бөлімшесінің жастар саясатын жетілдіргені үшін алғыс хатпен марапатталған. «Самый лучший руководитель», «Үздік спикер» атты номинацияларға ие.
Мақсаты:
Комитет қызметі жастар саясатын іске жүргізу және оның шараларын жүзеге асыру.
Қызметтері:
- Топтарда, университет қабырғасында өз қызметіне орай ұйымдастыру шараларына қатысумен қатар оқу-тәрбиелік барысын жетілдіру;
- Суденттік бірлестіктерде шығармашылық жағдай қалыптастыру;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Олимпиядалар мен ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға қатысу;
- Байқаулар мен сайыстардың бағытына қарай ұйымдастыруына қатысу;
- Жастар саясатын ұйымдастыру сұрақтары бойынша университет қабырғасындағы қоғамдық бірлестіктерді үйлестіру, жастар мәселелерін уақытылы шешу;
- Жоғары инстанцияларымен өзара әрекеттесу, жастар мәселелерінің өзекті шешімін табу.
Негізгі міндеттері:
Жастар ісі жөніндегі комитет (жүктелген міндеттерге сәйкес) келесі міндеттерді атқарады:
- Бүкіләлемдік стандарт бойынша жастар саясатын университет қабырғасында жүзеге асырады;
- міндеттері Қазақстан Республикасының заңдық актілерінде берілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырысдамасына орай құқықтардың орындалуын қадағалайды;
- Университет қабырғасындағы барлық жастар бірлестіктерін қадағалау мен олардың жұмыстарын үйлестіру;
- Жоғары органдардың, әкімшіліктің мәселелерін шешу жолдарын жүзеге асырады;
- Комитет жұмысын жоспарлайды, оның бөлімдерін және олардың жоспарларының орындалуын қадағалайды;
- Жастармен жұмыс жасау тәжірибесі мен стилін жетілдіреді, өз қызметінің құрылымын және тәсілдерін зерттейді, жалпылайды және таратады;
- Белгіленген тәртіпке орай университеттің өзін-өзі басқару бөлімдері, жоғарғы органдар мен жастар бірлестіктерінің байланысын асырады;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастыруына қатысыды;
- Ең үздік ғылыми конференциялар, олипиядалар, байқаулар мен сайыстарды өткізеді;
Құқықтары мен міндеттері:
Жастар ісі жөніндегі комитетке мынандай құқықтар берілген:
- Студенттік декан өкілдерін және студенттік активтің өкілдерін өз мәжілістерінде тыңдау керек;
- Университет әкімшілігінде, ғылыми кеңесте, қабылдау комиссияларында жастардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау;
- Басқа университеттің жастар ісі жөніндегі комитеттермен байналыста болу;
- Университет әкімшілігің алдында жастарды материалдық, рухани ынталандыру және тәртіптік шараларды қолдану;
- Университет әкімшілігіне жастармен жұмыс жасауды жақсартуға байланысты ұсыныстар енгізуге құқылы;
- Ағымдағы жұмыста барлық мәліметтермен қолдану (оның құзырындағы).