«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы » 2005 жылғы 7 қыркүйекте университет ректорының бұйрығы бойынша құрылды. «Мониторинг» ҒЗЭО заманауи инновациялық технологияларды және жаңа жаңа ғылыми мәнді өнімдерді жасау жөніндегі қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеру, өндірісте және оқыту үдерісінде алынған нәтижелерді қолдануды жеделдету, ғылыми жұмыстың университеттің оқыту-тәрбиелеу үдерісмен бірлігін одан әрі дамытуды қамтамсыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы байланысты нығайту және дамыту мақсатында өзінің қызметін жүзеге асырады.

«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректорге есеп береді.

Жұмыстың орныдалу тәртібі «Мониторинг» ҒЗЭО-ның жасаған жоспарына сәйкес орындалады.

«Мониторинг» ҒЗЭО өз жұмысында ҚР «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» Заңдарын және ҚР басқа нормативті актілерін басшылыққа алады.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстағы міндеттер:

  • қоршаған орта және табиғи ресурстар монитрингі саласында ғылым мен өндірісітің озық жетістіктерін зерттеу;
  • аймақтың қоршаған орта және табиғи ресурстарына монитринг жасауды жетілдіруде әдістемелік көмек;
  • экологиялық мониторинг қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру;
  • қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингі мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау және баспадан шығару.

Инновациялық ғылыми-зерттеу жұмысындағы міндеттер:

  • қоршаған орта және табиғи ресурстарын қорғау бағыты бойынша ғылыми зерттеу жүргізу;
  • қоршаған орта және табиғи ресурстары мониторингі бағыты бойынша ғылыми лаборатория құру.


«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығының директоры

– биология ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қанат Қамбарұлы, ғылыми-педагогикалық өтілімі 23 жыл.

Ол Павлодар педагогикалық институтының биология-химия факультетін бітірді. 1988 жылы Қазақ ССР-і ҒА Зоология институтының аспирантурасына түсті. 1990 жылы осы аспирантураны бітіріп, «Трематодтың кейбір түрлерінің жыныстық жүйесінің микроморфологиясы және гистохимиясы» тақырыбы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын табысты қорғады. 1990 жылы Павлодар педагогика институтының «Жалпы биология», «Зоология, ботаника және ауыл шаруашылығы негіздері», «Зоология, ботаника және физиология» кафедраларында доцент болып қызмет істеді. Кафедраларда доцент болып істеген жылдар ішінде ол өзін жауапкершілікті, өте тәртіпті, болашағы зор жас маман ретінде көрсете білді. Соның нәтижесінде ол 1996-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-де мынадай лауазымдарға ие болды: жаратылыстану және педагогика факультетінің деканы, жаратылыстану және педагогика оқу-өндірістік кешенінің директоры, жаратылыстану факультетінің деканы, жаратылыстану институтының директоры. 2004 жылы 03.00.19 паразитология мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғады. Қанат Қамбарұлы Ахметов «ҚР Еңбегі сіңген ғылыми қызмткер» белгісімен марапатталды.

2004-2005 жылдары Павлодар мемлекеттік педиснтитутының халықаралық байланыс және даму жөніндегі проректорлық лауазымына тағайындалды. 2006-2008 жылдары Павлодар мемлекеттік педиснтитутының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып қызмет істеді.

Ол «Гельминттердің функциональдік морфологиясы», «Ертістің Павлодар өңіріндегі екі қантты қансорғыштар, олардың санын биологиялық бақылау» биологиялық мамандықтың арнайы курсының оқу жоспарын жасалып, енгізді.

Қ.Ахметовтың жетекшілігімен биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі диссертациясын екі адам қорғады, 40-тан астам магистрлік диссертация қорғалды, 1999 және 2002 жылдары студенттер жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары екі рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.

Қ.Ахметов «Қаздардың келуі және қайтуы» палеонтологиялық ескерткішді сақтау және кеңінен таныстыру жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ол өзі Қазақ ССР- және КСРО Ғылым академиялары ұйымдастырған 6 палеонтологиялық экспедицияға қатысты.

Қ.Ахметовтың жеткешілік етуімен бірқатар аймақтық қолданбалы және зерттеу жобалары жасалып, жүргізілуде. 2000-2004 жылдары Ертіс өзенінің орта ағысындағы қансорғыш сары масалардың биологиясына алғаш рет зерттеу жасалды. Бұл ғылыми жұмыс қазірге дейін жыл сайын осы сары масалармен күрес алгоритмін жасауға негіз болды және осы нәтиже қазір де қолданылауда.

Қ.Ахметов соңғы екі жылда Қазасқтанның, Ресейдің және Ұлыбританияның ғалымдары қатысқан екі халықаралық экспедицияны ұйымдастырып, жұмысына басшылық жасады.

2008 жылдан бастап «Орманды сақтау және ормандандыру» бағдарламасы бойынша Әлемдік Банк пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобасына жетекшілік жасауда.

2009 жылы лярвальділардың санын (өзен жағдайларындағы шіркейлердің дернәсілдік кезеңі) қысқарту үшін «Симбиофарм» АҚ (Новосибирск, Берцк) шығаратын «Бактицид» бактериялық құралдың қолдану технологиясын құрастырды.

Биологиялық ғылымдардың докторы, профессор Қ.Қ. Ахметовтың 2009 жылы шыққан

Ғылыми еңбектер тізімі

1.    Ультраструктура сперматозоидов трематод Hypoderaeum conoideum. Материалы Международной конференции «Биологическое разнообразие природы и общества» 12-13 мая, 2009. Жаксыбаев М., Сарбасов Н.

2.    Ультраструктура тегумента трематоды Notocotylus gibus. Материалы Международной конференции «Биологическое разнообразие природы и общества 12-13 мая, 2009. Жаксыбаев М.. Сарбасов Н., Каукенов Е.

3.    Некоторые особенности ультраструктуры и функции паранефридиальной системы трематоды Notocotylus gibus. Материалы Международной конференции «Биологическое разнообразие природы и общества 12-13 мая, 2009. Жаксыбаев М., Сарбасов Н., Ахмарова А.Д., Каукенов Е.

4.    Ультромормологические особенности мужских гамет триматоды 
Hypoderaeum conoideum (Bioch, 1782) Echinostomatilae (Dietz, 1909).  Периодические международный научный бюллетень. Перспективы инноваций в экономике и бизнесе  (Чехия, Прага). Жаксыбаев М., Сарбасов Н., Ахмарова А.Д.

5.    Электронномикроскопическое исследование мужских трематод
Echinostomatilae renolutum (Frochlich, 1802) Echinostomatilae (Dietz, 1909). Периодические международный научный бюллетень Перспективы инноваций в экономике и бизнесе (Чехия, Прага) 

6.    Использование электронномикроскопического метода для понимания ультраморфологии и функции клеточных структур на примере исследования гамет паразитических плоских червей. Материалы международной научно-практической конференции «Алтайское село: история, проблемы и перспективы социально-экономического познания» Барнаул (7-8 октяря 2009г. Т.2. С. 59-67.) Жаксыбаев М.Б., Берленова Н.С.

 

«Мониторинг» ҒЗЭО-ң қызметкерлері 2008-2009 жылдары бірқатар ғылыми-зерттеу келісімді тақырыптар құрастыруға қатысты.

Жұмыстардың орындалу тәртібі «Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы жұмыстарының құрастырылған жоспарына сәйкес атқарылады.

Тақырыптардың атауы Ғылыми жетекші
1 Облыс аумағында екі қанатты қан сорғыштардың санын азайту үшін Ресейлік «Бактицид» өніміне биологиялық сынақ өткізу

 

Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов

2 Павлодар, Ақсу қалаларында олардың санын азайту жөніндегі шараларға ғылыми сүйемелдеу жасау

Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов

3 Экологиялық жобалар бойынша жұмыстар

Б.ғ.д. Қ.Қ.Ахмeтов