Құрметті достар!
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Cіздерге 2013 жылдың 09 желтоқсанда сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің rukhanialem.psu.kz сайтында болатын «Дін және дәстүр» тақырыбына интернет кеңістігінің пайдаланушыларымен кезекті диалогты ұсынады.
Құрметті интернет кеңістігінің пайдаланушылары!
Сіздерде, филос.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті Майра Жанайдарқызы Кожамжароваға, Павлодар облысы бойынша ҚМДБ өкілетті өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы Нариман Естайұлы Исеновқа сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Осы жерде қалдыруыңызға болады.Осы жерде қалдыруыңызға болады.
Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша мәліметтер rukhanialem.psu.kz сайтында «Онлайн-конференция» модулінде, университеттің «Білік» газетінде «Сырсандық» тақырыптық бетінде басылымға шығады.
Анықтама телефоны: 8 (7182) 67-37-04.
Үлкен құрметпен С.Торайғыров атындағы/strong>
ПМУ-нің этносаралық және конфессияаралық
үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығының қызметкерлері
Дін мен дәстүр арасында тікелей байланыс бар ма?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Иә дін мен дәстүр арсында тікелей байланыс бар.Жер бетіндегі әр бір ұлттың өзіндік дүниетанымы, тілі, дәстүрі діні болады. Осы дүниетанымның, салт дәстүрдің қалыптасуына әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі ол Дін болып табылады. Яғни ұлт болып қалыптасуымызда дін мен дәстүрдің рөлі ерекше. Біздің Қазақ халқының көптеген салт дәстүрлері ата бабаларымыз ұстанған Ислам дінінен алынған және оған еш қайшылығы жоқ. Дегенмен «дәстүрдің озығы бар тозығы бар демекші» басқа діндерден енген немесе Исламнан бұрынғы қалдық, сарқыншақтарда жоқ емес. Тағы бір айта кетерлік қуанышты жайт жаңа мүфти хазреттің бастамасымен жақында ғана «Дін мен Дәстүр» атты кітапта жарық көрді. Бұл тақырып әлі Құдай жазса кеңінен талқыланады.
Дәстүрлі емес діни ағым салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа әсер ете ала ма?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Мұсылман шариғатында адамдардың еркінеқалдырған мубах яки ерікті істер бар. Мысалы тойларды, мейрамдарды өткізу жолдары, салт-жоралғылары әрбір халықта әртүрлі. Олардың барлығын шариғатқа сай, сай емес деп айтуға болмайды. Керісінше, олар әрбір мұсылман халқының ғұламаларының көз алдында әрі олардың құптауымен сан ғасырлардан бері атқарылып келе жатқан ғұрыптар. Сондай ұлттық ерекшеліктерге, тілдік ерекшеліктерге қарсы шығу, оларды дәл араптардыкіндей етуге тырысу барып тұрған надандық. Осы негізге орайислам шариғаттың негізіне қайшы келмейтін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға еш тыйым салмайды. Өйткені салт-дәстүрлер бір халықты екінші бір халықтан айырып, ерекшелеп көрсететін жәнеде жер бетіндегі адамдарды бір біріне ұқсамайтын әр түрлі кейіпте жаратып, әрқайсысына өзбетінше жеке дара өмір сүру қабілетін дарытқан Алла Тағаланың неткен құдіретті жаратушы екендігінің бірден бір дәлелі болып табылады. «Әй! Адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Аллаһ Тағаланың алдында ең ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз Аллаһ тағала білуші, әр нәрседен хабардар». (Хужурат сүресі - 13 аят)
Дәстүрлі емес діни ағымдар ғасырлар бойы қалыптасқан салт дәстүрлерді жоққа шығару арқылы әсер етеді және жоюға тырысады.Жоққа шығарудың екі себебі бар:
1. Дін мұратын дұрыс түсінбеу
2. Өз халқының тарихынан, рухани мұрасынан, тілінен бейхабар болулары.
Мысалы, қазақтар Жүсіп, Жақия және Жүсіп деуге үйренген әу баста бар есімдерді жат ағымдарға еліктегендер араб тіліндегі қалпында Юсуф, Яхия және Юнус деп қасарсиды. Осындай қылықтары арқылы олар екі түрлі қателікке бой алдырады. Біріншісі – дін мұратын жаңсақ түсіну. Ислам діні ұлттық ерекшеліктерді жоюға, әрбір тілдің табиғи заңдылықтарын маңсұқ етуге мүлде шақырған емес әрі шақырмайды да. Керісінше, әрбір елдің өзіне тән жағымды әдет-ғұрыптары мен қалыптасқан заңдылықтарының сақталуына ерекшемән береді. Олардың екінші қателігі өз халқының тарихы мен ділінен, тілі мен рухани әлемінен бейхабар болуы. Сондықтан ұлтымыздың генатикалық жадында ғасырлардан бері сақталып келе жатқан өзіндік блмысын, дәстүрі мен мәдениетінің тамырына балта шабады. Қазір қоғамымызда діни білімге ден қойғандар жастар екені мәлім. Ал жастар ғұмырлық тәжрибесі аз болғандықтан өзім білемдікке салынып, максималистік көңіл күйге бой алдырып көптеген қателіктерге ұрынады./p>
Туған тілін не салт-дәстүрін білмеу күнә болып санала ма?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Туған тілін не салт-дәстүрін білмеу күнә болып саналмайды. Тіл ең бастысы түсіну құралы екенін айтпаса да түсінікті. Марқум Қадыр Мырза Әлі ағамыздың: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегені қандай орынды. Бірақ тілін, салт-дәстүрін білмеу өз ұлтына, отанына деген сүйіспеншіліктің, жан ашыршылықтың болмауына тіпті кез келген уақытта өз ұлтына қиянат жасауға себеп болады. Ана тілін білмеген әрбір азамат пен азаматша ана тілін білмесе күнә емес ар санағаны абзал. Дін күнә санамасада өзі күнәлі сезінсе қандай дұрыс болар еді.
Қазіргі жастар қазаққа тән имандылықты ұмытып, Еуропаның мәдениетіне еліктейді. Бұның себебі неде және осы проблемамен қалай күресуге болады?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Дін Ғұламалары тарапынан Мәдениет екі түрлі болады: Адамзатқа пайдалы және зиянды. Адамзатқа пайдалы мәдениет ол медицинаның жетістіктері, білім саласындағы жаңалықтар, т.б адамзаттың игілігіне жарайтын іс әрекеттер. Бұлар батыстыкі шығыстыкі деп бөлуге болмайды келмейді де, өйткені ол барша адамзат атаулыға ортақ. Сондықтан жастарымыз батыстың жақсы,пайдалы мәдениетіне осы бағытта еліктесе еш тыйым жоқ.
Ал адамзатқа зиянды мәдениетіміз ол адамның болмысына, сана сезіміне мүлде жанаспайтын, адамзаттың барлығына еш пайдасы жоқ іс әрекеттер. Мыс: Қос жыныстылық, нашақорлық, зинақорлық, жынысын өзгерту, жеңіл жүрістік, ата-ананы сыйламау, ел жұртына опасыздық т.б.
Бұның себебі жастарымыздың өз ұлттық болмысынан, дінінен, ділінен ұзақ қалулары, отбасы тәрбиесінің әлсіз болуы және мемлекеттің ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жарнамалауының аздығы мән бермеуінің нәтижесі.
Бұдан шығар жол ел болып мемлекет болып ұлттық құндылықтарды насихаттау, қалыптастыру ерекше мән беру, бала бақшалардан бастап ұлттық сананы сіңіру.Әр елдің өздігін елдігін айқындайтын «Имидж» болады. Сол имидж болу-ақ керек елімізде...
Діл мен мәдениеттің айырмашылығы неде?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Діл сөзінің этимологиясы парсы тіліне барып тіреледі. Қазақша жобаласақ-жүрек, сезім деген ұғымға саяды. Мәдениет деген сөз де бізге араб тілінен енген сөздерден болып табылады. Бұл сөздің төркіні «қалалық» деген мағына береді.
Демек біздің айтып жүрген Дін, Діл – деген сөзіміз «иләһи сенім, қазақи болмыс» дегенді білдіреді. Ендеше қазақилық, ұлттық салт-дәстүр, ырым-тыйым, жол-жоралғы т.б. көптеген факторлар арқылы ұлттық мәдениетті қалыптастырады. Сондықтан да біздің ұлттық мәдениетіміз ұлттық тіл мен діл арқылы беріліп, қалыптасқан құндылықтарымыз болмақ.
Әрбір ұлттың тілі, ділі сол ұлттың қалыптасқан мәдениетінің көрінісі болмақ. Мәселен, қазақ ділі-«пейілі түссе бір атын түсіп беріп, бір атым насыбайға өкпелеген», «ауызын ашса жүрегі көрінетін ақпейілдігі» т.б. ұғымдармен айқындалып жатады. Дін мен дәстүр жайлы қысқа айтсақ, дін – дәстүрдің таразысы. Біздің ата-бабаларымыз ешқашанда дін мен ұлтты бөліп қарамаған. Елбасымыз «Саясат күнде өзгереді, ал дін - мәңгілік» дегендей, қанша ғасырлар өтіп, қаншама қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни құндылықтар сол күйі қалады да, ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады.
Қазақтың салт-дәстүрін сақтау мақсатымен, ҚР-ның Ата заңына өзгертулер енгізсек, біз адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектейміз бе?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Егер олай істесек, басқа ұлттардың мүддесін шектеген боламыз. Біздің ел - зайырлы мемлекет. Заң – салт-дәстүрді қорғайды.
Қазақ халқына тән амандасудың қай түрі дұрыс болып саналады: Ассалаумағалейкүм немесе Ассаляумуалейкум?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша екі кісі жолыға қалғанда алдымен жасы кішісі «Ассалаумағалейкум!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Осы дұрысы болып табылады. «Ассалаумағалейкум» арабша «Ассаламу алейкум» - «Сізге Алланың тыныштығы болсын» деген мағынаны білдіреді.
Бұрыннан дәстүрімізде оң қолын жүрек тұсына қойып «Ассалаумағалейкум!»- деп дауыстап сәлем берген. Оң қолын беріп қос-қолдап амандасқан. Ал әйел кісілермен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан.
Бұхар жыраудың үлгілі нақылы бар:
Өзек қуа ағады,
Өзен судың сағасы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы.
Жаратқан Иеміз үйге сәлемдеспей кірмеуді бұйырады: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен үйлеріңнен басқа үйлерге қашан үйренісіп, иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Солай еткендерің өздеріңе жақсы, бәлкім, үгіт аларсыңдар». (Нұр сүресі - 27аят) жәнеде «Және егерсендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші.» (Ниса сүресі – 86 аят) делінген.
Ассалаумағалейкум! Нариман Ермекұлы.Менің есімім Мейрманов Әділет сізге қоятын сұрағым Қазіргі уақытта ақпараттық технология дамыған заманда әр адамда ұялы телефон бар.Сол ұялы телефонда Құран аяттарын жазып тындап жүретін көбінесе жастарды көреміз сол дұрыс па?
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Құран аяттарын үйрену, жаттағандарын қайталау үшін тыңдауда еш тыйым да бөгетте жоқ, яғни тыңдауға болады. Тек талап етілетін мәселе Құран Кәрімді телефон, телевизор, радиодан тыңдағанда басқа іспен айналыспаған абзал. Бұл біздің Құран алдындағы құрметіміз. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қашан Құран оқылса оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхаматқа бөленесіңдер» (Ағраф-204)деп бұйырды. Өйткені таспадағы барлық басылымдар «Мұсхаф» болып саналмайды. Жазылып басылған Құранды мұсхаф дейміз. Ең бастысы әннің де естісі бар есері бар дегендей, түсініксіз бұлыңғыр әуендерге шырмалып жан дүниесін улатқаннан Құран тыңдап тыныққаны қайда абзал.
Можете ли посоветовать познавательные литературы по традициям и обычаям нашего народа?
Ответ: Исенов Нариман Ермекович
Да, такие книги имеются. Мы можем посоветовать Вам некоторые из них: книга главного муфтия Ержана Малғажыұлы «Таным тұғыры» (2013 г.), «Дін мен Дәстүр» (2013 г.), Ершата Онгарова «Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары», также необходимую информацию вы можете найти в книгах казахских писателей М. Ауэзова «Абай жолы», Б. Момышұлы «Ұшқан ұя», І. Жансүгіров «Көшпенділер», Бахыта Каирбекова «Казахские национальные традиции и обычаи. Казахский Этикет», С. Кенжеахметұлы «Традиции и обряды казахского народа».
Нариман Ермекович, как вы считаете, какие способы и методы нужны для того, чтобы человек правильно понял каноны ислама и не попал в деструктивные организации? Спасибо!
Ответ: Исенов Нариман Ермекович
Ответ на этот вопрос предлагаю рассматривать с двух позиций. Первое - с позиции личности. Каждый человек должен познать не только историю, язык, обычаи и традиции, но и быть всегда в поиске. В этом случае человек не пойдет по неправильному пути и не попадет под влияние псевдо религиозных течений. Информация о процессах происходящих в религиозной сфере рекомендую получать слушая лекции имамов в мечети и пользоваться материалами и сведениями сайтов рассказывающих о традиционных религиях.
Вторая - с позиции государства. Широко пропагандировать и использовать воспитательный потенциал традиционных религий, начиная с детского сада, учебных заведений, государственных органов. Увеличить количество часов по предметам, которые формируют нравственные ценности.
Добрый вечер! Хотелось бы задать пару вопросов: Майра Жайнадаровна, скажите пожалуйста,насколько сильно трансформировались казахские традиции и обычаи на сегодняшний день и носит ли это позитивный или негативный характер? Вопрос от: Айгерим Как вы думаете на сколько сохранены обычаи и традиции казахского народа на сегодняшний день?
Ответ: Кожамжарова Майра Жанайдаровна
Уважаемые пользователи! В с связи с одинаковым характером вопросов от Диаса и Айгерим, мы посчитали возможным из объединить и дать один ответ.
В целом обычаи и традиции нашего народа сохранились. Вместе с тем, с учетом современных обстоятельств- включением в процессы цивилизации и глобализации происходит определенная трансформация, так как участниками культурных процессов являются люди. К негативным последствиям таких трансформаций можно отнести потерю некоторой уникальности,самобытности, индивидуальности, ценностных ориентиров культуры. Положительным можно считать то, что при процессе трансформации обычаи и традиции еще более актуализируются.
Добрый вечер участники конференции! Меня интересует вопрос касательно Исламской религии. Почему казахи не придерживаются своих традиции (например касательно платка), а подражают арабскому миру?
Ответ модераторов: Исенов Нариман Ермекович и Кожамжарова Майра Жанайдаровна
Добрый вечер Андрей, спасибо за вопрос. Традиция Ислама требует от женщины прикрытия открытых участков тела за исключениям кисти рук , лица и ног до щиколоток. Национальные головные уборы казахских женщин делятся по социальному статусу, например невеста одевает головной убор- саукеле, замужняя женщина- платок, женщина преклонного возраста- кимешек. Под подражанием арабскому миру, по всей вероятности, вы имеете ввиду хиджаб. Действительно данный вид одежды не имеет отношение к национальной одежде казахского народа. Но, так как этнические казахи идентифицируют себя с религией Ислама, то некоторые женщины, одевают к сожалению вышеназванную одежду.
Жаңа мүфти сайланғалы Дініміз үшін мешіттеріміз үшінде көптеген іс-шаралар атқарылды. Алла разы болсын ол кісіге. Менің сұрағым жуырда Дін мен Дәстүр атты Мүфтиімізді бастамасымен кітап шығыпты. Осы кітап жайында кеңінен айтып берсеңіз.
Жауап: Исенов Нариман Ермекұлы
Бұл кітаптың негізгі мақсаты қазіргі күнге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу. Себебі соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен надандық дәуіріне тартады.
Сол пікірлерден пайда болған түсініктерді сауықтыру мақсатында Дәстүр туралы түсінік, Дәстүрдің діндегі орны, Қазақ халқының имани дәстүрлері, Имани қарым -қатынас, Тілдегі айғақтар деген бөлімнен құралған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан аталмыш Дін мен Дәстүр атты алғашқы кітап жарық көрді. Бас мүфтидің қолдауымен бастама алған кітап, келешекте жалғасын табады.