Құрметті достар!

2013 жылдың 06 ақпанында сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Ханафи мазхабы - бастауы мен қазіргі кезі» - «Ханафисткий мазхаб: истоки и современность» тақырыбы бойынша онлайн-конференция өткізеді. Онлайн-конференцияның өзекті сұрақтары Сарыарка самалы», «Звезд Прииртышья» және университеттің «Білік» газеттерінде басылымға шығады.

Сұрақтарды алдын-ала Орталықтың newcenterPGU@yandex.kz электрондық поштасына жіберуіңізге болады.

Сұрақтарыңыз интернет-конференция өтетін күні, яғни 2013 жылдың 06 ақпанында сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін www.psu.kz ақпараттық порталында қабылданады.


Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерде философия ғылымдарының кандидаты, доценті, орталықтың аға ғылыми қызметкері – Қожамжарова Майра Жанайдарқызына, теолог, орталық қызметкері – Бертімұратов Жолдас Қаспақұлына және исламтанушы, орталық қызметкері Қайрбеков Нурлан Ефратұлына сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.

Анықтама телефоны: 8 (7182) 67-37-04

Үлкен құрметпен С.Торайғыров атындағы
ПМУ-нің этносаралық және конфессияаралық
үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығының қызметкерлері

Конференция