Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы 2001 жылы ҚР ҰҒА ҒМ Ә.Х. Мағұлан атындағы Археология институтымен шарт бойынша құрылып, оның өңірлік буыны болып табылады. Орталық 1988 жылы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ескерткіштерді қорғау бөлімінің жанынан ұйымдастырылған Павлодар археологиялық экспедициясының (жетекшісі В.К. Мерц) негізінде құрылды. Оның мақсаты – Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында апатты жағдайға ұшыраған археологиялық ескерткіштерінің қорғау зерттеулерін жүргізу бағытындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру және оларды жан-жақты зерттеу. Сонымен қатар АҒЗО Солтүстік Еуразияның көне тарихымен тығыз байланысты қомақты мәселелердің зерттелуін мақсат тұтады.

Зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

Орталық құрылғаннан бері мәдени-тарихи маңызы зор апатты жағдайдағы көптеген ескерткіштер зерттеліп, Ертіс Павлодар өңірінің, жалпы Солтүстік және Орталық Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихының түрлі кезеңдері жайлы жаңа материалдар табылды.

Орталық құрылғанына дейін Павлодар археологиялық экспедициясының негізгі зерттеу нысандары ретінде төменгі палеолиттен энеолитке дейінгі тас дәуірінің ескерткіштері қарастырылды. Соңғы жылдары Орталықтың құрылуына және жас мамандардың жұмыс істеуіне байланысты зерттеу объектілерінің шеңбері кеңейе түсті.

Адамның Ертіс өңірінде шамамен 1 млн. жыл бұрын пайда болғанын Павлодардың оңтүстігінен 100 шақырымда орналасқан Лебяжий ауданынан табылған ежелгі тас құралдарының шоғырлары дәлел болып отыр. Олардың материалдары Ертіс террасаларының ежелгі қабаттарынан алынған тастарымен ерекшеленеді. Осыған ұқсас жіктелген ескерткіштер кешені Павлодар шығысынан 60 шақырымда орналасқан Маралды көлінде табылды. Алайда бұл кешен ескерткіштері материалдарының үлкен тереңдікте орналасуына байланысты зерттеу жұмыстары жер бетінде табылған материалдарымен шектелінді.

Бірнеше жыл бойы Ескі Екібастұз аумағына жататын тас дәуірінің жалпы саны 20 ескерткіштен асатын тұрақ-шеберханалары мен қоныстары кешеніне зерттеу жүргізілді. Екібастұз көмір орнының игерілуіне байланысты бұл кешен қатты бүлінген, алдағы уақытта толық жойылып кетуі мүмкін, сондықтан Қазақстан мен Батыс Сібірдің көне тарихы мен археологияның көптеген аса маңызды мәселелерді шешу үшін оны үнемі зерттеу керек. Соның ішінде көне гоминидтердің Қазақ үстіртінің солтүстік шет аймақтарын бастапқы игеруі, одан кейін тас индустриясының дамуы, гоминидтердің Орталық Азияның көрші өңірлерінің мәдениетіне ықпалы мен тас дәуірінің аяғында тас индустриясының трансформация мәселелерін түсіну үшін терең зерттеу қажет қажет етеді.

Орталық зерттелетін ескерткіштердің басқа тобы – Шідерті өзенінің орта ағысында орналасқан тас дәуірінің тұрақтары мен көп қабатты қоныстары. Олар да жергілікті тұрғындардың шаруашылық қызметінен едәуір зақымданған. Көп қабатты тұрақтары ішінде Шідерті 2,3,5 барынша перспективалы болып табылады. Голоцен кезініне жататын осы өңір тас индустриясының дамуы және мәдени дәстүрлердің алмасуы туралы түсінік беретін Солтүстік және Орталық Азиядағы жалғыз көп қабатты ескерткіш ретінде таныс Шідерті 3 тұрағы соңғы 20 жыл бойы зерттеледі. Осы тұрақта мезолит-энеолит материалдарынан тұратын 6 мәдени көкжиек анықталды. Аталған ескерткіштің жоғары қабатында энеолит дәуірінің жаңа археологиялық мәдениетінің материалдары мен өңірдің сол кездегі ең көне адамның қабыры табылды. Бұл тұрақтың стратиграфиялық құрылымы ерекше: Шідерті өзені алғашқы жайылма үсті террасасының голоцент шөгіндісінің бумасына салынған бірнеше қабыр топырақтары байқалды.

Кейбір топырақтардан шірінді бойынша радиокөміртекті даталар мен тұрақтың бүкіл тілігінен шаңды спектрлер алынды. Қазір бұл ескерткіш Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағында голоценді кешендердің кезеңдерін анықтаужәне хронологиясын жасау, сонымен қатар жаңа археологиялық мәдениеттерін бөлу ісіндегі эталонды объект ретінде кеңінен таныс. Сондықтан көп қабатты тұрағы Шідерті 3 Павлодар облысының археологиялық ескерткіштерінің арасында бірегей объект ретінде «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасына еніп, осы бағдарламаның шеңберінде 2 жылдық зерттеуден өтті.

Орталық Қазақстан аумағында бұрын зерттелмеген Шідерті археологиялық кешендері ерте қола дәуірінің жаңа түріне жататын тас қорғандар және тұрақтар табылды. Әр түрлі дәуірлердің бірқатар басқа ескерткіштері де табылды. Бұл - Павлодардан солтүстікке қарай және Лебяжі ауданы Шарбақты көліндегі неолит, қола және ерте темір ғасырының қоныстары, Ертіс қаласы мен Мичурино, Григорьевка, Набережное ауылдарының жанындағы қола дәуірінің қабірлері, жартас суретті көне қасиет орындары мен бұзыла бастаған және дереу зерттеуді қажет ететін көптеген басқа объектілер.

Қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу нәтижесінде археологиялық ақпарат көздерінің елеулі массиві алынды. Қазіргі уақытта Республикада ерте қола дәуірінің ескерткіштерін мақсатты анықтау және зерттелуімен айналысатын ПМУ Археологиялық орталығының қызметкерлері ғана. Осы кезен ескерткіштерінің зерттеуі мыс және қола металлургиясының таралуы мен республиканың автотранспорттық жолдарын салу ісінде шешуші рөл атқарады. Орталық Қазақстанда табылған ерте қола дәуірінің ескерткіштері Сарыарқа тарихының жаңа бетін ашқан.

Елуниндік және шұңқыр типті материалдар табылған Екібастұз қаласының, Шідерті көлінде және Григорьевка аулының маңындағы ерте қола кезеңінің қабірлері мен қоныстары зерттелуде. «Шығыс Қазақстан аумағындағы ерте қола дәуірі» атты ғылыми жұмыс жоғарыда аталған қомақты зерттеулердің нәтижесі болмақ. Арттарында көптеген археологиялық ескерткіштер-қоныстар, тау үйінділері, топырақты молалар, тас қоршаулар мен қорғандар қалдырған андроновтық мәдени-тарихи қауымдастықтың, отырықшы малшылардың, диқандар мен металлургтардың ескерткіштері елеулі ғылыми-қызығушылық тудырады.

Қаратұмсық, Кенжекөл 1, Черное, Набережное, Қызылжар тас молаларын, сол сияқты Павлодарское селосы Ақбидайық алқабының маңындағы қоныстары және басқа андроновтық тайпалар ескерткіштерін қазу нәтижесінде керамикалық ыдыстардың сандаған үлгілері, қола қару, еңбек құралы, алқалар, тұрғын үйлер мен зират ғимараттарының, көне орындардың қирандылары алынды, олар керамика өндірісінің, тау кен ісі мен металлургияның, құрылыстың, ағаш өңдеудің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

Павлодар облысындағы ұзақ жылғы археологиялық зерттеулерге қарамастан бұл - Қазақстанның аса ірі су тамыры – Ертістің орта ағысында ертеде құрылған түрлі географиялық және мәдени – тарихи аймақтардың тоғысында орналасқан, Қазақстан және Батыс Сібірдің алғашқы тұрғындарының өзара қатынасқа түсу жолындағы маңызы зор тарихи жер болып табылатыны мәлім.

   Орталық қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Ресейдің ғылыми басылымдарында жарияланады. Дала зерттеулерінің қорытындылары мен алынған материалдары бойынша жаңа еңбектер жариялануға дайындалуда. Орталық құрылғаннан бері Ертістің Павлодар өңірі мен көрші өңірлер археологиясының проблемаларына арналған ғылыми мақалалардың 2 томдық жинағы шығарылды, академик Ә.Х.Марғұланның 100 жылдық мерейтойына арналған «Мағұлан оқулары - 2004» конференциясының материалдары, жартас суретті фотоальбом, археологиялық терминдер сөздігі, көне тарихтан оқу құралы жарыққа шықты, жаңа басылымдар дайындалуда. Павлодар археологиялық экспедициясының 20 жылдық жұмыс қорытындысы көрініс тапқан. Осы уақыт ішінде Орталық қызметкерлері Қазақстан мен Ресейдің ғылыми басылымдарында алпыстан аса мақала жариялап, Ертістің Павлодар өңірінің энциклопедиясы мен басқа кең тараған басылымдарға жиырмадан аса мақала жазды. Археологиялық ескерткіштерді зерделеу туралы «Очень древняя Азия» оқу – деректі фильмдер сериялы түсірілді.

 

   Май ауданы «Қызыл еңбек» ауылының маңында «Қолбасы- мұнарасы» орта ғасырлық тану – мемориалды ғимараттар кешенін, қимақтар мен қыпшақтардың, ғұн-сармат заманының, сақ дәуірінің қорған молаларын, қола дәуірінің қоныстары мен молаларын зерделеу жөнінде экспедициялар өткізді. Орталық Қазақстан аумағында тұңғыш рет Сарыарқаның көне тарихының жаңа бетін ашқан ерте қола дәуірінің ескерткіштері табылып, Баянауылдың көне стелалары мен қашалған тастары зерттеліп, жеке деректі фильмдер арналды.

Орталық қызметкерлерінің қомақты зерттеулердің нәтижелері ретінде 700 –ден астам археологиялық ескерткіштердің тізімі бар. «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі. Павлодар облысы» атты үлкен жұмысының құрамына енгізілді.

Осылайша Павлодар облысының бүкіл аумағында археология ескерткіштерін құрудан қорғап, жалғастыра зерттеу, жаңа археологиялық мәдениеттерді бөлу, олардың шығуын, өзара және басқа өңірлердің мәдениетімен байланыстарын анықтау Орталық жүргізетін зерттеулердің негізгі міндеті болып табылады.

Ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізіледі, археологиялық экспедицияның негізінде оқу-дала тәжірибесін өткізу жүзеге асырылады, Орталықтың жанынан археологиялық үйірме ұйымдастырылып, оған археологияға құмар студенттер мен мектеп оқушылары қатысады.

2002 жылы Павлодар археологиялық экспедициясы жинаған археологиялық материалдардың негізінде археология мұражай ашылып, экспозициясына Ертістің Павлодар өңірінің палеолит дәуірінен осы заманға дейінгі тарихы бірегей қойылған.

Қазіргі Орталық қызметкерлері жылқының доместикация мәселесін Торғайдан шығысқа қарай қалай өтетінін зерттейді. Лебяжий ауданындағы Борлы және Борлы 4 көп қабатты тұрақтарының кешенді зерттеуімен қатар Шауке аулының маңында және басқа да алыс емес жерлерде орналасқан ерте қола дәуіріне жататын тұрақтарын зерттеледі. Ерте және дамыған қола дәуірі кезінде аймақ тұрғындарының этномәдени тарихын жасау жұмыстары жүргізілуде. Өлкенің көне тарихы мәселелеріне, археологиялық ескерткіштерді қорғауға, реставрациялау мен музеефикациялауға арналған бірқатар жобаларды өткізу, Ертістің Павлодар өңірі археологиясы проблемалары жөніндегі ғылыми мақалалар жинағының үшінші шығарылымын баспаға дайындау жоспарланған. Осымен бірге Шідерті 3 тұрағы және басқа да ескерткіштерінің зерттеу нәтижелері бойынша монография шығару жұмыстары жүргізіледі.

Басымдық мақсаттар мен міндеттер:

  • ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге бағытталған археологиялық ғылыми жаңа табыстар мен жете зерттеулерді оқу үрдісіне енгізу;
  • археологиялық зерттеулерде пәнаралық ғылыми жаратылыстану әдістерін кеңінен пайдалану;
  • студенттерді оқыту деңгейін көтеру, олардың археологиялық зерттеулерге қажетті тәжірибелік дағдысын қалыптастыру;
  • студенттер және оқушыларды археологиялық ескерткіштерді қорғау және зерттеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу;
  • өлке археологиясына бағытталған әртүрлі тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізу, ғылыми еңбектер және оқу құралдарын жазу;
  • аймақтың көне және ортағасырлық тарихы бойынша археологиялық материалдар жинау және зерттеу;
  • алынған археологиялық зерттеулердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу;
  • аймақтық, республикалық және шетелдік ғылыми орталықтармен байланыстарды дамыту;
  • қорғау және тарихи-мәдени мұраларды пайдаланудың кешенді жүйесін дамыту;
  • тұрғындар арасында археология және тарихи білімділікті насихаттау мақсатында ақпаратпен қамтамасыз ету, танымал болу, облыстың педагогикалық активінің кәсіби шеберлерін тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі қоғамдық қызметке тарту.

637000
Павлодар қ.,
Ломов көшесі, 64 үй, С. Торайгыров ат. ПМУ,
102 каб., телефон (8-318-2) 46-50-80
E-mail: v_merz@mail.ru
Директор Виктор Мерц

Орталықтың қызметкерлері