Хабарлама

ЕРЖАН РЫСКАЛИЕВ – ПРИГЛАШЕННЫЙ ГОСТЬ НА МИТАП #19 ToU

Ержан Рыскалиев, CEO и со-основатель Clockster.

Clockster — технология, которая обрабатывает отпечатки пальцев сотрудников. Clockster привлек более 1,1 миллион долларов инвестиций и создал международный HRM-сервис, которым пользуются более 35 000 синих воротничков в гостиницах, ресторанах, супермаркетах, бутиках, клининговых сервисах и других компаниях.

Ержан может рассказать, почему пандемия Covid-19 благоприятно повлияла на казахскую венчурную индустрию, а также раскрыть ключевые преимущества инвестирования в HR-Tech. Он поделится секретами привлечения инвестиций в бизнес и преимуществами стартап - экосистемы Казахстана.

Присоединяйтесь к Митапу и готовьте вопросы гостю - будет интересно!

Дата проведения: 20. 01. 2022 г.
Время проведения: 11:00
Подключиться к конференции Zoom : 
https://us02web.zoom.us/j/83928259678?pwd=bTVkd3o3a3Q4aUt5STJZem1ZeUQ5UT09

Идентификатор конференции: 839 2825 9678
Код доступа: ToU2022$

Толығырақ
2022-01-18
Хабарлама

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Кафедралардың аға оқытушылары: «Дене шынықтыру және спорт» - 1, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» - 1; «Металлургия» - 1, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 1,

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе кафедра қызметінің бағыты бойынша кемінде 3 жыл практикалық қызмет өтілі, оның ішінде әкімшілік-басқару құрамында жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 2 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 800 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.

Ерекшелік: белгіленген талаптарға сәйкес практикалық жұмыс өтілі бар және алғаш рет жұмысқа орналасатын тұлғалар;

- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;

- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.

 

Кафедралардың оқытушылары (ассистенттері): «Шетел филология» - 1.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-практикалық жұмыс өтілі 1 жыл немесе маман дипломының болуы;

- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 600 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.

- Ерекшелік: алғаш рет жұмысқа орналасқан адамдар;

- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;

- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

 

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс);

6) Соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (ғылыми хатшының қолымен расталған, FК үшін мақалалар оттисктерi қоса берілген) n.e.pfeifer@mail.ru; kundyz_mb@mail.ru;

7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі, оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;

8) кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер үшін кафедраның перспективалық даму жоспары факультет пен университеттің даму бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.

 

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 26 қаңтар (қоса алғанда)

 

Қадамдық нұсқаулық

1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау;

5.Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;

6. Конкурстық комиссия төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу.

 

Ps: Өтініштің тұпнұсқасын және 075-у нысандағы медициналық анықтаманы HR-қызметіне           226-кабинетке әкелу қажет.

075-у нысанындағы медициналық анықтама және ғылыми хатшы куәландырған еңбектер тізімі 2022 жылғы 26 қаңтардан кешіктірмей HR-қызметіне 226 кабинетіне әкелінсін.

 

7. Екі жұмыс күні ішінде сіз кафедра меңгерушісімен сұхбатқа шақырыласыз

 

Техникалық сұрақтар бойынша 8-747-7360201 (Мансур) 8-707-1084207 (Куат)

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) хабарласыңыздар

 

 

(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)

 

«Торайғыров университеті»

коммерциялықемес акционерлік қоғамы

ПОҚ лауазымдарға конкурстық орналасуы

бойынша комиссия төрағасы П.О. Быковқа

Техника ғылымдарының кандидаты

«Механика және мұнай газ» кафедрасының

қауымдастырылған профессоры «доценті)

Наталья Ивановна Петровадан

Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй, 15 пәтер

Үй тел. 20-46-80

Ұялы тел. 8-700-000-00-00

 

өтініш

 

Faculty of engineering (Инженерия факультетінің) «Механика және мұнай газ» кафедрасына қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына 2022 жылдың «17» қаңтардағы tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

______________

Конкурсқа қатысушының қолы

 __ . _____ 2022

 өтініш жазылған күн
 

Толығырақ
2022-01-17
Хабарлама

Құрметті білім алушылар! Порталда оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жүргізіледі cos.tou.edu.kz сілтеме бойынша: https://cos.tou.edu.kz/authorization.php (студенттерге қызмет көрсету орталығы) 2022 жылдың 22 қаңтарына дейін.

Құжаттар тізімі, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер алу үшін қажетті:

1. Өтініш
2. Транскрипт
3. Жеке куәлік көшірмесі
4. Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, Қамқоршылық туралы шешім, ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешім (жетім балаларға);
5. Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедектер);
6. Туу туралы куәліктің көшірмесі, ата-анасының біреуінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе АХАЖ бөлімінен анасының сөзінен әкесін жазу туралы анықтама, ата-анасының біреуін (бір ата-анасы бар білім алушыларға)ата-ана құқығынан айыру туралы шешім
7. Ата-анасының мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, студенттің (мүгедек ата-анасы бар білім алушылардың)туу туралы куәлігінің көшірмесі;
8. Отбасы құрамы туралы тұрғылықты жерінен анықтама (көп балалы);
9. "Торайғыров университеті" КЕАҚ - да барлық білім алушылардың жеке куәліктерінің көшірмелері, оқу орнынан анықтамалар, тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтамалар (ақылы негізде оқитын бір отбасынан шыққан студенттерге (оқудың барлық түрі, 23 жасқа дейінгі), ата-анасының асырауындағы);
10. Университеттің кадрлар бөлімінен анықтама (ата-анасы университет қызметкерлері болған студенттерге).
Барлық аталған құжаттар порталда PDF форматында тіркеледі.

Толығырақ
2022-01-11
Хабарлама

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 14000, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметінің негізгі мәні – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты – өз өмірінің траекториясын құруда саналы тәсілге бағдарланған түлекті дайындау үшін білім алушыда оның біліміне қатысты субъектілік ұстанымды қалыптастыру үшін жағдай жасау және құзыреттілікке бағытталған тәсілді практикада іске асыру жолымен тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жүйесін дамыту болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

- басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 3 жылға дейін;

- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) автобиография;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.

10) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің  HR-қызметіне (каб. 226) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65.

Толығырақ
2022-01-10
Бағдарламаны іздеу