Анонстар мен іс-шаралар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті бакалавриат студенттері

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры күндізгі бөлімде білім алып жатқан студенттерге арналған республикалық атаулы шәкіртақылар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлады. Бағдарлама 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді және оқуда, ғылымда, қоғамдық және шығармашылық салада жоғары нәтижеге қол жеткізген студенттерді қолдауға бағытталған.

Байқауға мына талаптарға сай студенттер қатыса алады:

-                      Екі және одан да көп курсты сәтті аяқтаған;

-                      Әр оқу жылын үздік академиялық үлгеріммен тәмамдаған;

-                     Ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын;

-                      (Өнер мен мәдениет бағытындағы студенттер үшін) республикалық және халықаралық байқауда, фестивальдер мен олимпиадаларда нақты жетістіктерге қол жеткізген.

Барлық талаптар сақталған жағдайда студенттер тегін және ақылы негізде қатыса алады.

Стипендия бір оқу жылына (екі семестр) тағайындалады және жазғы айларды (маусым, шілде, тамыз) қоспағанда ай сайын төленеді. Стипендияның мөлшері мен санын Қор жыл сайын белгілейді.


Өтініш қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 15 тамызға дейін, каб. 238А Ғылым және коммерцияландыру бөлімі.

Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданады және бекітілген талаптарға сәйкес ресімделуге тиіс.


Правила на русском языке.doc
Правила на казахском языке .doc
Толығырақ
2025-06-26 00:00:00

Экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының III халықаралық конкурсының жеңімпаздары:

«Экономика, менеджмент және қаржы: заманауи сын-қатерлер контекстіндегі перспективалық бағыттар мен бәсекеге қабілетті даму»

Торайғыров университеті ҚеАҚ, Павлодар қ

2025 жылдың наурыз – сәуірі

Нәтиже

Толығырақ
2025-06-09 00:00:00

140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй  мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Стратегиялық даму, интернационалдандыру және цифрландыру жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор бос лауазымына конкурс жариялайды. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес сертификатпен расталады;
  • ғылым кандидаты немесе докторы, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады;
  • менеджмент саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының, оның ішінде жоғары білім және ғылым саласындағы сапа менеджменті және корпоративтік басқару жүйесінің болуы;
  • халықаралық ғылыми жобаларға қатысу тәжірибесінің болуы;
  • ҚР жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тұжырымдамасын іске асыру тәжірибесінің болуы;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытудан өту артықшылығы болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1)    жиырма бес жасқа толмаған;

2)    бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3)    өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4)    медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5)    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)    белгіленген нысандағы өтініш;

2)    конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)    белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4)    салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5)    жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)    ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес денсаулық жағдайы туралы № 075/Е медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

7)    мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)    мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)    қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

10)  Қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы презентация түрінде ресімделуі керек, оның көлемі PowerPoint форматында 10 слайдтан аспайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

 

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Торайғыров университеті» КЕАҚ ұсыну керек. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов, көшесі, 64, 200 кабинет, телефон: 8 (701) 520 62 91.

 

 

(өтініш)

 

(қызметтік тізім)

 

Толығырақ
2025-06-05 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone