2013 жылдың қыркүйек айының 1-жұлдызы күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға ПМУ-дың студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы арқылы айқындалған жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Мектепке жол» атты акцияға қатысты.

2013 жылдың 28 тамызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» ХДП филиалы базасы негізінде «Қазақстан Республикасының Конститутциясы – мемлекеттіліктің алдағы дамуы мен нығаюының негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2013 жылдың 25 тамызында Білім күні мерекесінің қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде талапкерлерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Сізді 2013 жылдың 9 қазанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Қ. Бекхожиннің 100 жылдығына арналған «Қ. Бекхожиннің шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер шақырылады. Толығырақ

Сізді 2013 жылдың 21 қарашасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр-Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер шақырылады. Толығырақ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2013 жылдың 18-19 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасындағы туризм және география дамуының қазіргі мәселелері: бүгіні және болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Толығырақ

П.П.Ершов атындағы Ишим мемлекеттік педогогикалық университеті V бүкілресейлік «Перспектива» ғылыми – зерттеу жұмысы конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.

Томбы политехникалық университеті бүкілресейлік фестиваль аясында студенттер мен аспиранттардың жер туралы ғылыми жұмыстары жөнінде бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы конкурс жариялайды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің мәжіліс залында Павлодар өңірінің белгілі тарихшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының білім және тарих дамуының келешегі мен өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.