2013 жылдың 1 ақпанында №24 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр атын ардақтап» атты әдеби кеш өтті. Кешке С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы атсалысып, қолдау танытты. Шара мектептің «Жаратылыстану мен математика» апталығы аясында ұйымдастырылды.
2013 жылдың 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Decenta» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Бюджет туралы білгіңіз келетіннің бәрі» атты оқу тренингке қатысты.
2013 жылдың 30 қаңтарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханасында дағыстанның ақиық ақыны, прозаик, публицист Фазу Алиеваның өмірі мен шығармашылығына арналған «Тау мемлекетінің бойтұмары» атты поэзиялық кеш өтті.
2013 жылдың 28 қаңтарында сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Білім Кеңесінің залында «Жастар және дін» атты дөңгелек үстел өтті.
2013 жылдың 29 қаңтарында сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өтті.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 2013 жылдың 10 мен 21 аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмыс тәжірибелерімен алмасу мақсатында әдістемелік декада өтті.
Балалар, елімізде белсенді ұл-қыздардың басын қосқан «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмыс істейтінін білесіңдер. Сендер де осы бірлестіктің мүшесі атанып, білім алып, Отанымыздың ұл жанды азаматы болуға тырысып жүрген боларсыңдар?!
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2012» Республикалық конкурсының лауреаттарын
- Арынгазин К. Ш. – т.ғ.к., профессор, тiршiлiк әрекетi және қоршаған ортаны қорғаудың қауiпсiздiк кафедрасының меңгерушісін;
- Сарбалаев Ж.Т – ф.ғ.д., профессор, гуманитарлы – педагогикалық факультетінің деканын;
- Зейнулина А.Ф - ф.ғ.к., профессор, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісін;
- Мамытова С.Н. - т.ғ.д., профессор, тарих кафедрасының меңгерушісін;
- Рахимова С.А. - к.э.н., қаржы-экономикалық факультетінің экономика кафедрасының доцентін.
«Ғылым» саласындағы «Дарын-2012» мемлекеттік жастар премия конкурсының жеңімпазын
- Калиева А.Б., б.ғ.к., химиялық технология және жаралыстану факультетінің биология және экология кафедрасының доцентін
Ғылыми тағылымдама және магистратура бағдарламалары бойынша «Болашақ» президенттік стипендиясының иегерлері атанған С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары мен түлектерін!!! Шын жүректен кәсіптік майданында табыс пен өркендеуге қол жеткізуіңізді тілейміз!!!
Сіздің тырысуларыңыздың жемістері біздің университет үшін және бүкіл Қазақстан үшін өте жақсы әсер ететіне біз сенімдіміз!!!