С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде осы университет жанындағы көп тілді білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Павлодар облысының оқушылар арасында көп тілд олимпиада өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балаларға арнап кітап оқимыз» акциясы ұйымдастырылды. Оған облыстық және қалалық мәслихат депутаттары облыстық газеттердің бас редакторлары және басқа да азаматтар қатысты.

Жақында Баку қаласында грэпплинг спортынан өткен әлем чемпионатына әлемнің 40 мемлекетінің үздік спортшылары қатысты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Ермұрат Төлегенов республикалық «KazRoboProject - 2017» ғылыми-техникалық жобалар байқауынан бірінші орын алды. Қазылар алқасына студент әзірлеген микропроцессорлық ALMAZ компьютерлік бағдарламасы ұсынылды.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қаланы көріктендіру және абаттандыру жұмыстарына қатысты. Жастар өз қолдарымен ағаш отырғызып, аймағымыздың көгалдануына үлес қосып қана қоймай, жас ұрпақ үшін нағыз тәрбиенің қайнар көзі екенін көрсетті.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдардан, мемлекеттік қызметкерлерден және студенттерден құралған 200 адам қатысты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-да «Сандық Қазақстан» мемлекттік бағдарламасының жобасын талқылауға бағытталған кездесу өтті.

Ежелгі Невель қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекеге Павлодар облысының делегациясы қатысты, оның ішінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың аға оқытушысы Аслан Азарбаев бар.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да ақын және жазушы, Кеңес Одағының батыры Эдуард Асадовты (1923-2004 жж.) еске алу кеші өтті.

ПМУ ректоры, фил.ғ.к. Гауһар Ахметова, химия және химия-технолгия кафедрасының меңгерушісі Мәдениет Елубай бастаған делегация «ПНХЗ» ЖШС-де болды.