Торайғыров университетінің студенттері сессияны ыңғайлы тәсілмен тапсырып, қорытынды атесттаттауды өтуге мүмкіндік алды. Бұл тұрғыда студенттер мен қызметкерлер алдындағы міндеттер толық өтеледі.

Ректор Мейрам Бегентаевтың қатысуымен 24 сәуірде сағ. 11.00-де өткен Instagram тікелей эфиріне шамамен 500 студент пен оқытушы қосылды.

Емтихан сессиясы мен қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған барлық платформаларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) тәртібінде өтеді:

- E-Learning CDT жеке платформасы (psu.kz және dot.psu.kz ПМУ сайттары);

- ZOOM, Google Glass, Jitsi Meet, Cisco Webex Meeting бейнеконференция платформалары;

- қосымша: Telegram және WhatsApp мессенджерлері;

- жазбаша жұмыстар Turnitin жүйесінде тексеріледі.

ЖОО ректоры түсіндіргендей, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша емтихандық сессия кезінде 1-3 курс студенттері/магистранттары үшін емтихан тапсырудың 4 түрі қолданылады (жазбаша онлайн-прокторингпен, ауызша ZOOM және оған ұқсас жүйелер арқылы онлайн-емтихан, «ашық кітаппен» емтихан, яғни жобаны үй жағдайында орындау және білімді жалпылай бағалау, яғни ағымдағы үлгерім бойынша баға қою).

«Интернетке және де өзге де коммуникация құралдарына қолжетімділігі жоқ студенттер үшін емтихан мерзімі күзге шегеріледі (құжаттарда «аяқталған жоқ» бағасы қойылады» («I – incomplete»)», - дейді Мейрам Бегентаев.

Білім алушылардың екінші тобы – түлектер үшін кешенді емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау «ашық кітап» формасында, онлайн-қорғау қолжетімді ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуымен өткізіледі.

ТоU ректоры қызметкерлер мен студенттер алдындағы қаржылық міндеттемелер ТЖ режимінің шарттары мен ұзақтығына қарамастан уақытылы және толық көлемде орындалатынын ерекше айтып өтті. Бұл үшін негізгі шарт білім беру саласындағы мемлекеттік стандартты сақтау болып табылады, олар: сессияны өткізу, кешенді емтихандар және дипломдық жұмысты қорғау.

Жатақхана үшін оқу жылының соңына дейін төлем енгізген студенттер үшін қайта есептеу жүргізілді. 533 студентке 5,8 млн. теңге қайтарылады.

Студенттер барлық сұрақтарға 24/7 режимінде жауап ала алады. «Help DESK» Call-орталығы жұмыс істейді: телефон желісі, сайттағы чат-бот, dot@psu.kz электрондық поштасы.