Түркістан облысында «Hakaton Yassawi SmartTech» үздік ІТ-жобалар байқауы аяқталды. Оған еліміздің 15 ЖОО мен 100-ге жуық адам қатысты.

Сайыстың бас жүлдесін ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттері Сембі Жүсіп, Сергей Мысак және Андрей Мысак жеңіп алды.

Қатысушылар 24 сағат ішінде карьералық үрдістер шеңберіндегі сыбайслас жемқорлықпен күресу үшін бағдарламалық қамсыздандыру жасау тапсырмасы берілді.

Жастар білім беру саласындағы мамандарды іріктеу және жұмысқа алудың inCraft платформасын жетілдірді.

Әңгімелесуді екі кезеңмен өткізу ұсынылды. Оның құрамында психологпен әңгімелесу және кәсіби саладағы маманмен әңгімелесу шарасы болды. Сонымен қатар, мамандарды іріктеудің ашық жүргізу және кандидаттарды жұмысқа алуда ашық ақпараттарды қосу мәселесі шешілді.

Айти-мамандар құжаттарды тексерудің OpenCV, Tesseract OCR және Laravel технологияларын оңтайландырды. Жеке куәліктің фотосымен жұмыс істейтін бағдарлама ЖСН номерін өз бетінше есепке алады және қажетті ақпаратты алады.

Осылайша, адами фактордың кесірінен туындайтын қателерге жол берілмейді.

Енді жеңімпаздар Алматы қаласында өтетін InCraft ІТ-компаниясының алты айлық стажировкамына қатысады. Тағылымдама аясында тұрғын үй құны өтеліп, жалақымен қамту қарастырылған.