Торайғыров университетінде «ERG күні» өтті.

Шара аясында «ТНК Қазхром» АҚ-ның филиалы, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «ҚЭЗ» АҚ-ның өкілдері студенттер және оқушылармен кездесті.

Мамандар мансаптық жолда өсу, ERG кәсіпорындарының бәсекелестік мүмкіндіктері, жұмысшыларға ұсынылатын жеңілдіктер, әлеуметтік пакет пен жастар қозғалыстары туралы айтып берді.

Жоғары технологиялық металлургиялық кәсіпорынның болашақ мамандары Қазақстан электролиз зауытының жобалық қуаттылығы 13 мың тоннаға асып түскенінен хабардар болды.

Бүгінде зауыттың жылдық қуаттылығы 263 000 тонна өнімді құрайды. Алюминий кесектерінің салмағы 20 келіні құрайды.

Айта кетейік, отандық өнім Түркия, Греция, Италия, Черногория елдеріне тасымалданады. Жұмысшылардың орташа жасы 37 жасты құрайды.

Мамандар студенттерді Нұр-Сұлтанда өтетін конференция мен Summer Camp шарасына шақырды.