ТU техникалық бейіндегі студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Болашақ мамандарға облыстың ірі өнеркәсіптік орындары: "Кастинг" ЖШС, KSP Steеl, "Қазақстан алюминийі" АҚ және басқалар жұмыс ұсынды.

Университет өз кезегінде оқу бағдарламаларын жаңартып, өндірістік және диплом алдындағы практикалардың ұзақтығына баса назар аударды. Енді жоғары курс студенттерінің тәжірибе мерзімі ұзартылды, бұл өндірісті ішінен егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.

"Мұндай іс-шаралар жұмысқа орналастырудың тиімді тәсілі болып табылады. Жұмыс істейтін түлектердің үлесі өсті деп айтуға болады. Бүгін "KSP Steel" ЖШС ПФ және "Павлодарэнергосбыт" ЖШС кәсіпорындарына төртінші курстың 38 студенті – болашақ металлургтер, машина жасаушылар, электр энергетикасы мамандары, сондай-ақ "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алушылар жұмысқа орналасты", - деді Зинаида Жанпеисова.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында университетте 60 білім бағдарламасы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 1140 түлегі шығарылады деп күтілуде.