Университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы бойынша сабақ өтті.

Сабаққа қатысқан сарапшылардың қатарында Сейсембай Жетпісбаев, Жеңіс Мананбаев болды. "Нұр-Ана" қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжамал Максилова кездесудің құрметті қонағы болды.

Бақытжамал Максилова ұйымның жұмысы мен құрылу тарихымен бөлісті.

Т.ғ.д, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Сәуле Мамытова Ассамблеяны құру Тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының логикалық жалғасы екенін тілге тиек етті. Жаңа институт бірлестік пен ынтымақтастық құндылықтарын басты назарға алды.

Айта кетейік, ҚХА құрылған алғашқы жылдары оның болашағына сенбегендер де болды. Дегенмен, 25 жыл ішінде Ассамблея көпұлтты халқы бар елде маңызды қызмет атқаратын институтқа айналды.