Студенттер декандардың аспаздық қасиеттерін бағалап, #as_bolsyn_challenge акциясының алғашқы жартылайфиналистерін анықтады.

Жарыстың кезекті кезеңіне машина жасау, физика-математика, құрылыс және агротехнология факультеттерінің декандары қатысты.

Осы жолы студенттердің назарына бешбармақ, палау, сорпа, салат, бәліш пен пицца, сондай-ақ, шырын ұсынылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша ақтық мәреге Тоқтар бексейітов пен Қайратолла Әбішев шықты.

Келесі демалыстарда №2 жатақханасының студенттеріне ас мәзірін қалған декандар әзірлейді.

Акцияны «Nur Otan» партиясының өкілдері қолдады.

Тікелей эфирден көз жазып қалмаңыздар!