Орыс филологиясы кафедрасының бірінші курс студенттері «филологиялық бауырластыққа» қабылданды.

Болашақ филологтар мен орыс тілі мұғалімдері танымал әндерді жаңаша орындап, әзілге негізделген тапсырмаларды орындады. Зияткерлік ойындарға қатысып, фольклорлық жинақтар бойынша білімдерін паш етті.

Мереке Иван Царевия және Қощей туралы ертегіні сахналауға ұласты. Кездесу барысында орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Гүлвира Шайықова бірінші курс студенттерін құттықтап, «филологиялық бауырластыққа» салтанатты түрде қабылдады.