Студенттік деканға кандидаттар жоғары оқу орнының бірінші жетекшісі Мейрам Бегентаевпен студенттік өзін өзі басқару мәселелерін талқылады.

Жастар асхана, студенттер үй, университетті абаттандыру мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларына студенттердің қалауымен түзетулер енгізу туралы айтылды.

М. Бегентаев өз кезегінде студенттерге университетті дамыту бойынша таңдау еркіндігі ұсыныдатынын айтып, туындаған мәселелер ғылыми кеңестің назарына алынатынын жеткізді.

Айта кетейік, студенттік декандар жастардың заңды қызығушылықтарын ұсынып, ректорды университет жұмысы жөніндегі есебін тыңдайды. Студенттік декан, сонымен қатар, оқу орны бюджетінің қалыптасуына да қатыса алады.