С. Торайғыров атындағы ПМУ-де халықаралық көліксіз күнді қолдау мақсатында #greenPSU акциясы өтті.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен студенттері бір күнге емір тұлпарларынан бас тартып, қоғамдық көлік пен велосипедке отырды. Жаяу жүргісі келетіндер де табылды.

Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Зарина Серғазинованың айтуынша, осындай акцияларды қала болып қолдаған абзал.

«Бүгін біздің университет көліксіз күн бүкіләлемдік акцияны қолдап жатыр. Шара жыл сайын әлемнің екі мы ңқаласында өтеді. Біздің оқу орнымызда алғаш рет ұйымдастырылды. Осылайша, біз қоршаған ортаның ластауын бір күнге азайтуға тырыстық. Бұл акция, сонымен қатар, студенттерді экологиялық мәдениетке тәрбиелейді», - дейді З. Серғазинова.

Экология және биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., Айнагүл Калиеваның айтуынша, автомобильдерден шығатын зиянды газ мәселесі әлемге ортақ.

«Әрқайсымыз көміртек оксиді, азот, улы газдың зиянын күнбе күн сеземіз. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам компонент пен жоғарыоксидті заттар бар. Бір күнімізді көліксіз өткізгеніміз болашағымызға үлес қостық деген сенімдіміз», - дейді ол.

ЖОО еріктілері қатысушыларғы тәтті сыйлықтарды сыйлады