С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының докторы Мейрам Бегентаев бастаған университет делегациясы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болды. Кездесуді ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов ашты.

Тараптар ҚазҰАУ-дың даму стратегиясын, адам ресурстарын дамыту және т.б. зерттей отырып, ЖОО-ның коммерциялық емес акционерлік қоғамға көшу тәжірибесін және Ұлттық зерттеу университетіне кезең-кезеңмен трансформациялауды талқылады.

Қауымдастырылған профессор Алексей Титковтың айтуынша, жаңа меншік түріне көшу ЖОО-ның шаруашылық дербестігін кеңейтеді, бизнес пен кәсіпкерлік субьектілерімен тікелей келісім-шарттар жасауға, директорлар кеңесі арқылы инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, университет қызметінің жүйесінде қалыптасатын пайда материалдық-техникалық базаны: ғылыми зертханаларды, оқу процесін дамытуға арналған жабдықтарды қалыптастыруға бағытталатын болады.

Университеттердің КЕАҚ-ға көшуінің басты міндеті адам ресурстарын дамыту болып табылады. Ол үшін ПМУ ғалымдары HR-менеджмент жүйесін дамыту алгоритмін егжей-тегжейлі зерттеді. KPI жүйесін қайта өңдеу, қызметкерлерді сапалы бағалау үшін ұжымға біліктілік талаптары мен құзыреттілік картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Сапар барысында қонақтар Назарбаев Білім және ғылым орталығының, халықаралық инновациялық орталықтар мен зертханалардың қызметімен танысты.

«Бізге ҚазҰАУ зертханалық базасының өндірістік қуаты қатты әсер етті. Біз келісімге келдік және жұмысты екі бағыт бойынша жалғастыруды жоспарлап отырмыз: агротехнология және биотехнология. Бүгінде ҚазҰАУ-дың барлық зертханалық базасы тек ПМУ ғалымдарына ғана емес, сонымен қатар біздің магистранттар мен докторанттарға да қолжетімді. Кез-келген зерттеуді жергілікті жерде өткізуге болады», – деді Ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов.

Сонымен қатар, ПМУ делегациясы Smart point коворкинг орталығының жұмысымен танысып, инфрақұрылымдық қамтамасыз етуге, орындалған жөндеу жұмыстарының креативтілігіне және т.б. басты назар аударды.

Сапар соңында екі ЖОО арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, соның аясында ПМУ базасында ҚазҰАУ филиалын ашу мәселесі қаралады.




Фото: Мамыржан БОТАБЕКОВ