Павлодар мемлекеттік университетінде әлеуметтік бағыттағы «COSMO STUDIO» стартап жобасы іске қосылды.

Идея авторлары - агротехнологиялық факультетінің студенттері Әлия Тоқтасынова және Айнагүл Қарашашева. Жоба тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жетекшісі Жастілек Уахитовты ңқолдауымен жасалды.

«COSMO STUDIO» - бұл reisen-art техникасын қолдана отырып кез келген адамға сурет салуға мүмкіндік беретін орын. Суреттер эпоксидті шайырмен немесе акрилді құю техникасының көмегімен жасалады. Шығармашылық жұмыс арт-терапия тұрғысынан тиімді. Шайырды мүсін жасауға қолдануға болады. Ала крилдің көмегімен кескіндеме шығармасындағы бояу қабатында жарықтар жасауға болады.

«Арт-терапнияны ерекше балалар арасында қолданғымыз келеді (Даун синдромы, аутизм, церебралды паралич). Бұл әдіс олардың эмоционалды жағдайына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, балалар үйлері, мектептер, интернаттар, оңалту орталықтарына барып, қайырымдылық шеберлік сағаттарын өткізгіміз келеді. Осы тектес шаралар елімізде кең тарай қойған жоқ. Дегенмен, «Reisen-Art» және «Акрилді құю» тез уақытта танымалдылыққа ие болды», - дейді ұйымдастырушылар.