С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 1960 жылы құрылды. Сол сәтте Павлодар индустриалды институты аталды.

Бүгінгі күнге дейін оқу орнының атауы төрт рет ауысты. Атап айтқанда, Павлодар индустриалды университеті, Қазақ мемлекеттік техникалық университеті, Павлодар мемлекеттік университеті болды. Ал 1996 жылдан бері білім ордасына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді.

1965 жылы студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Механизм іске қосылды.

Осы уақыттан бері бүгінгі күнге дейін университеттің мұрағатында түлектердің 76 789 жеке ісі сақталып жатыр. 59 жыл ішінде осыншама түлек түлеп ұшты.

Олардың қатарында танымал саясаткерлер, кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындардың жетекшілерінің істері сақтаулы. Мысал келтірсек, Ахметов Даниал Кенжетайұлы оқу орнын 1976 жылы тәмамдаған. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде. Бобров Владимир Яковлевич - «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры, оқу орнын 1975 жылы аяқтады. Сүлейменов Тимур Мұратұлы, ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары университетті 2000, 2006 жылы тәмамдады. Батраченко Андрей Алексеевич - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның президенті, университті 2011 жылы аяқтады.