ПМУ әскери кафедрасының студенттері оқуларын тәмамдауға жақын. Болашақ запастағы офицерлер оқу-далалық жиындарға жол тартты. Студенттер «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының полигонында жаттығады.

Далалық жиындары екі апта бойы өтеді. Жастар әскери қызметтің ыстық-суығына шыдамақ.

- Бүгін полигонға 191 болашақ офицерді жібердік. Жиындар - студенттердің әскери дайындығының соңғы кезеңі. Олар тәжірибе жүзінде білімдерін шыңдайды, - дейді әскери кафедрасының бастығы, полковник Болат Токин. - Болашақ әскерилер қарудан ату, бронитехникалық және артиллериялық техниканы қолдануды меңгермек.