С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғалымдары Серік Шәріповтің жетекшілігімен инженерлік-сараптамалық бөлімнің мамандарымен бірлесіп қансорғыш жәндіктерге қарсы тиімділігі жоғары құрал ойлап тапты.

«Химия дәне химиялық технологиялар» кафедрасының ғалымдар тобы мен «Химия» мамандығы бойынша оқып жатқан студент Р. Мұхтар шыбын-шіркейден үш ай бойы қорғауқа қауқарлы супергельдің формуласын ойлап тапты. Тиімді құралды жасауға х.ғ.к. М. Елубай, х.ғ.к. А. Касанова атсалысты.

Құралдың жағымсыз иістері жоқ, дақтарды қалдырмайды және теріні тітіркендірмейді. Қазіргі уақытта «Маса мен қансорғыштарға қарсы жеке құрал» сынақ жүзінде тексеріліп жатыр. Оң нәтиже көрсетуде.

Алдағы уақытта өнертабысты патенттеу және сертифика алу жұмыстары қолға алынады. Кейін жоғары оқу орнының коммерцияландыру бөлімі жаңа құралды нарыққа шығару жұмыстарын жүргізбек.

Инженерлік-сараптамалық бөлімінде жасалған супергельден бөлек бірнеше ғылыми әзірлеме жасалуда. Олардың қатарында карбонды жылытқыштар мен элекр жетектегі мүгедектерге арналған арбалар бар.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның өңірлерінде қансорғыш жәндіктердің кюбеюі байқалады. Біздің инновациялық жобамыз кең нарыққа шыққан соң халық арасында сұранысқа ие болады деген ойдамыз», - дейді ПМУ-дің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөннідегі проректоры», - Н.Т.Ержанов.