С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ertis-Arbat дәстүрлі алаңында қазақ тазы итінің көрмесі өтті.

Шараны агротехнологиялық факультетінің ғалымдары ұйымдастырды. Тазы итінің ерекшеліктері туралы жануарлардың иелері айтып берді. Көрмеге келішулер тазыларты күтіп-баптау, өсіру турасындағы сұрақтарын қойып, жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Сарапшылардың айтуынша, аңға шығуға арналған тазылар көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне әбден бейімделген. Жануарлар аса төзімді, жуас келеді. Қасқырға да шаба алады.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен набыра таза 300 тазы иті бар.

Осы күні Павлодар облыстық көркемсурет музейінің мамандарымен бірге «Қазақ халқының аңшылық өнері» атты көрме ұйымадстырылды. Меймандар суретшілердің шығармашылығын тамашалады. Қылқалам шеберлерінің қатарында университеттің оқытушылары да болды.

Өнерпаздар шығармашылықтарына Баянауыл өлкесінің көрікті жерлері мен қазақтардың аңшылық өнерін арқау етті.