«Жасыл ел» жобасының жаңа еңбек маусымында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттер қатарынан 66 жас жұмыспен қамтылады.

Сарбаздар жұмыстарын бастап кетті. Отряд белсенділегі университеттің аумағы мен «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінің аумағын абаттандырып жатыр.

Айта кетейік, былтырғы жылы студенттік құрылыс отрядтарының жұмысына 13 адам тартылған болатын. Сонымен қатар, сарбаздардың санынан бөлек, жалақылары 96 мың теңгеге жетті. 2018 жылы айлық 60 мың теңгені құраған.

Жалақыны мемлекеттік университет пен Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма тарапынан төленеді.